Орта ғасырдың басы.
"Mainz 169"
Шығыс Түркістан. Бірінші Прусс Тұрпан экспедициясында (Erste Preußische Turfanexpedition 409) жүргізілген қазба жұмыстарында табылған.
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Біріктірілген төрт қолжазба жыртындысы. Олардың ішіндегі үшеуі бір қолжазбаның (a-c) бөлікттері.
Қоснүкте белгілері қызыл түспен қоршалған. B жағында a бөлігінің сол жағында көне ұйғырша мәтін бар: курсив yükü(nč); B жағында b-c бөліктерінің сол жағында көне ұйғырша мәтін бар: курсив ...nom...
Қолжазба түрік бітікше.
a-c: қатты, тегіс, сары түсті қағазға жазылған;
d: қатты қағаз, суға түсіп бетіндегі жазуы бүлінген;
Жол саны a: A мен B беттерінде 3 жолдан; b+c: A мен B беттерінде 4 жолдан; d: A мен B беттерінде 4 жолдан, бірақ A бетіндегі жазу жуылып кеткен.
Белгілер: a бөлігінің B бетінінің шетінде қарындашпен T I делінген; c бөлігінің оң жақ шетінде қарындашпен T I делінген; d бөлігінің шетінде қарындашпен T I делінген;
Шыны қабықтың A бетінде сол жақ жоғары бұрышында Mainz 169 деген белгі, оның жанында TI x 20 деген белгі жапсырылған.
Әр жолдың арасы 0,8 см.
a: 3,1 см (h) x 4,2 см (br); b: 3,2 см (h) x 6,0 см (br); c: 2,8 см (h) x 3,1 см (br); d: 3,4 см (h) x 3,8 см (br);.
Серткая424 айтуы бойынша c бөлігі b бөлігінің сол жақ жоғарысы болуы керек. Сонда екеуін қосып төрт жол оқуға болады. Сонымен қатар, а деп белгіленген бөлік қолжазбаның төменгі жағы, ал қалғандары ортаңғы бөлігі делінген.
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung. Mainz 169a,b+c,d (T I).