қазрусeng
:
:
  Оттук Даш I (е-4) бітіктасы

Оттук Даш I (е-4) бітіктасы

VIII-IX ғ


Оттук Даш I, E-4, Тува ескерткiшi В 515


Элегест өзені мен Ұлық Кем өзені бойында Оттук-Даш деген тау белінде үш ескерткіш тас табылған. 1915 ж Адрианов Енисей бойымен салға салып Минусинск музейіне әкелген.

Минусинск музейінде сақтаулы.


1 жол мәтін кеңінен атыздалып қашалған. Тастың бір бетіне ұзына бойы жазылған.

Сұр құмдақ тастан жасалынған. Орта тұсында 1 жол мәтін қашалған.


85 х 18 см.


1888 ж. Аспелин алғаш тапқан. Мәтіндік тұрғыдан В.В. Радлов (LXXXV, фиг. 1) 122, Х.Н. Орхун 500, С.Е. Малов 501, Д.Д. Васильев , И.А. Батманов 499 зерттеу жүргізген.

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.