қазрусeng
:
:
  Қара қату (Эрээн харганат) бұғытасындағы көне түрік мәтін

Қара қату (Эрээн харганат) бұғытасындағы көне түрік мәтін


Бұл түрiк бiтiгi VII­-IX ғасырдiкi болса керек.


"Қара қату", "Эрээн харганат"


Бұл ескерткiш Моңғолия, Баян-Өлгей аймағының орталығы Өлгей қаласынан 15 шақырым ,ал Бұғыт сұмыны(ауылы)-нан 9 шақырым шығыс-оңтүстiкте Қара қату өзенiнiң шығыс жағалауындағы “Ит үрген” тауының оң жақ белiнде орналасқан.

Табылған орнында.


Ескерткiштiң шығыс жағында бiр анық қашалған таңба бар. Басқа ұсақ сызық, сызықшалар көмескiленген және ол соңғы кезеңнiң себептерi дерлiк. Ескерткiштiң солтүстiгi мен шығыс тарапында iрi үш, кiшi жетi тас қорған тау белiнде орналасқан. Табиғи себептерден тас қорғандар өте ескiрген. Олардың iшiнде екi майда тас мүсiн кездестi. Тас қорғандар жанында бiр қой таста киiк, арқар, бұғы т.б. аңдардың суреттерi қашалған.


Көне түрiк бiтiк жазулы тастың биiктiгi 2 м 89 см, енi 35-37 см текшелеу қара жарқырақ тастың оңтүстiк бетiнiң батыс жиегiнде жерден 86 см жоғары үшкiр затпен қашалып өте айқын жазылған. Осы оңтүстiк бетiнде түрiк бiтiгi - 14 таңба-әрiптi және екi анық қашалған ру таңбалы.


Осы ескерткiш жайлы алғашқы мәлiметтi археолог Д.Эрдэнэбаатар433 “Эрээн харганат” түрiк жазуы деген атпен хабарлағаны бойынша жас ғалым, тарихшы Ц.Баттулга434: “KUNJUY : KISIN ÜČE” яғни “Ханшаның жiберген кiсiсi өштендi ” деп 11-шi таңба-әрiптi терiс оқып , қате көшiрме бойынша түсiнiктеме берген.

KÜNÜJY: Бұл сөзде q, k жуан, жiңiшкелiк дыбыстары алмасқан. Көне түрiк бiтiктерiнде qunjuy, qonjuy430 деген тұлғада кездеседi.

Бұл ретте kunjuy деп сөз басындағы “К” дыбысты дұрыс белгiленген. Өйткенi, түрiк тiлдерiндегi günü-, küne- “күндесу”, “қызғану”, “күндес” 431, көне моңғол тiлiндегi günjü гүнж “ханша, ханның қызы” деген тұлғалардың сөз басында “К-Г” дауыссыздары айтылады. Ал, кейбiр зерттеушiлер бұл сөз қытай тiлiнен енген kunju “ханша ” сөзi дейдi.432 Демек осындай атау Орхүн, әсiресе Енисей бiтiк-жазуларында жиi кездеседi.

ATЫ: аты, есiмi. Көне түрiк бiтiктерiнде тұлғаларда таңбаланған.

ÜKIKÜN: Ханшаның өз аты. Бiздiң пiкiрiмiзше ­Үкекүн.

ÜČE: Осы сөздегi үшінші таңба-әрiптi Е-ге жуық деп оқыдық. Олай болса, “ұшу, өшу, жойылу” деген мағынадағы сөз. Көне түрiктiк табиғатта адам өлiмiн “ұшып кету, ұша бару” деген тiркестерiмен айтқан. Оның мәнiсi кiсi Тәңiрге ұшады, аруағы жоғарғы көкке кетедi, аспанға жетедi дегеннен пайда болған. Бұл үшқырлы әлемдiк түйсiк танымға негiзделген.

Демек осы ескерткiште: "Ханшаның аты Үкiкүн, ол қайтыс болды" деген қазалы сөз жазылған. Осыншама биiк, алыстан қарағанда көзге көпе-көрнеу ескерткiштiң жанында 10 тас қорған орналасқаны қаған немесе ханның қызы, ханшайымға тiкелей байланысты екенiн аңғартады.

1.Базылхан Н. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы көне түрік бітіктердің жаңаша оқылуы //"Отан тарихы" ғылыми журналы, 2003, №2-3.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.