U 175
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Жыртынды бөлік үш бөлікшеден тұрады. Бұл бөлік Mainz 174 (Wilkens, №576) қолжазбасымен бірге болуы мүмкін 408.
Көне түрікше, кіші таңбалармен жазылған, В жағындағы таңбалар одан да кіші және қызыл түспен жазылған.
Жұқа, ашық сарғыш қағаз.
Жолдар саны: А және В жақтарында 4 жолдан.
В жағының жоғарғы шетінде Т.М. 339 (соңғы саны 7 сияқты көрінеді) деген белгі қаламмен жазылған. А жағының оң жақ жоғарғы бұрышында U 175 деген белгісі бар жапсырма жапсырылған. А жағында қоснүкте белгісінің екі жағынан бір-бір қызыл нүктеден қойылған.
Әр жолдың арасы: 0,9 см.
4,1 см (биіктігі) x 4,8 см (ені).
Серткаяның айтуы бойынша 424, егер В жағының 1-2 жолдарында жазылған šad (o)rm(a)zt жазуы Денавариа мектебінің құрылтайшысы Мар Сад Охрмизд туралы болса, онда бұл осы манихеизмнің шығыс тармағының негізін салушыға арналған гимннің бөлігі болуы мүмкін.
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.U 175 (TM 339)