VIII-IX ғ
«Суглуг-адыр аксы ескерткіші», «Шанчы-1 ескерткіші»
Тува Республикасы Чаа-қол ауданы Шанчы ауылынан 3 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан.
Бітіктас орнатылғаны қалпында табылған орнында тұр290.
Бітіктас тау сайының етегінде кішігірім төртбұрыш сандықтастың ортасында орнатылған.
Ақшыл көк сланец тастан жасалынған. 3 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған. Жазулы тұсынан 0,33 x 0,27 x 0,23 бөлігі сынып түскен.
биіктігі - 1,36 м, ені - 0,13-0,28 м, қалыңдығы - 0,28-0,36 м.
1962 ж. З.Б.Чадамба (Арагачи) тапқан 291 . А.Д.Грач археологиялық қазба жүргізген.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.202.