U 178
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Беттің оң жақ бөлігі. Үйкеліп, мәтіні бұзылған.
Көне түрікше.
Қатты, дақтары бар қоңыр түсті қағаз.
Жолдар саны: алдыңғы жағында 10 жол.
Алдыңғы жағында оң жақ астында қаламмен Т.М.328 деген белгі жазылған; сол жақ жоғарғы бұрышында U 178 және ТМ 328 белгілері бар жапсырмалар жапсырылған. Қоснүкте белгісін қызыл түспен қоршаған.
Әр жолдың арасы: 1,3 см.
13,9 см (биіктігі) x 9,3 см (ені).
Л.Кларктың 422 айтуы бойынша, бұл бөлікте аңыз жазылған мәтін болуы мүмкін.
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.U 178 (TM 328).