Mainz 171
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Бір жағы жазылған қолжазбаның сол жақ бөлігі. Бөліктің сол жағының 2.4 см жері қара бояу жұғып қарайып қалған. Төрт жол түрік бітік, қасында сол көне ұйғырша дәл сол төрт жол. Сөздер бір-бірінен көлденең сызықшалармен ажыратылған.
Ашық қоңыр түсті, қатты қағазға жазылған. Шынымен қапталған. Шыны қабықтың оң жақ жоғары бұрышында Mainz 171, TM 340 деген белгілер жапсырылған.
3,3см(биіктігі) x 9,9 см(ені). Жолдардың арасы 1,8см.
Бұл туралы Le Coq425 жазған. Л.Кларк422 айтуынша бұл әліппе делінген.
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung. Mainz 171 (TM 340).