қазрусeng
:
:
  Очуры Ачуры (e-26)

Очуры Ачуры (e-26)


Очуры, Ачура, Е 26 515


Енисей мен Абакан өзенi аңғары арасындағы Койбаль даласының орта бөлігідегі Очуры ауылынан 20 км жерден табылды.

Шушенское жергілікті әкімшілігі Минусинск музейіне жеткізді, инв. № 32.

Минусинск мұражайы инв: № 32


Сұр құмдақ тастан жасалған. Көлденең қимасы төртбұрыш болады. Беті тегістелген. Қырлары анық.

13 жолдан тұратын мәтін. Тастың төрт жағына тігінен қашалған. Үш жағының әрқайсысында 4 жол, араларына сызық қашалған. Төртінші жағында 1 жолдың бірнеше таңбалары ғана әлсіз байқалады. Бітіктас айтарлықтай қирағандықтан, реконструкциясы Радловтың Атласы 122 түпнұсқамен салыстыра отырып жасалған.

Жолдар күрделі бустрофедон түрінде айналдыра оқылады.


205 х 30 х 30 см


1897 ж Костров тапқан. 1859 ж Фалленберг бітікті көшіріп, көшірмесін Радловқа тапсырып, Костровтың тапсырмасымен бітіктасты Шушенскоеға алып кетеді. Сол жерден жергілікті әкімшілік Минусинск музейіне әкетеді.

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.