қазрусeng
:
:
Ферғанадан табылған қыштардағы жазу
Ферғанадан табылған қола жүзіктегі мәтін
Соғды құжатындағы түрік бітік мәтіні
 

Ферганадағы көне түрiк жазулары 1960 жылдары жүргiзiлген археологиялық зерттеулер нәтижесiнде белгiлi бола бастады. Олар Исфара, Қарамазар, Фергана маңайларында шоғырланған. Қазiр 13 ескерткiш табылып отыр. Олар көбінесе ыдыс құмыра, қыш кірпіш, зат бұйымдарда , құлпытастарда жазылған.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.

 

қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.