Бичикту-Бом VIII
Бичикту-Бом III жазбасы табылған жерден солтүстікке қарай 1 км жерден табылған. Таудың оңтүстік еңісінің етегінен 70 м биіктікте, Бичикту-Бом VII жазбасынан жоғары қашалған.
Мәтін өлшемі 85 х 35 см болатын оңтүстікке қарап тұрған бетке қашалған. Екі жолдан тұратын мәтін тігінен орналасқан.
Сол жақтағы жолда 9 таңба бар, жол ұзындығы 11,5 см, екінші жол 27 таңбадан тұрады, ұзындығы 37,5 см. Таңбалардың биіктіші 1,8-2,5 см.
2001 ж ГАГУ студенті А.Т.Тарбанаев тапқан. Тұрған орнында 2003-2005 жж И.Л.Кызласо¬в, И.А.Невская, Л.Н.Тыбыкова зерттеді. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.