қазрусeng
:
:
  23 Көпшеген түрік бітік мәтіні

23 Көпшеген түрік бітік мәтіні


Көпшеген ауылынің маңындағы Құр-Кешу деген жерден кездейсоқ табылған.

Алтай республикасының Горно-Алтайск қаласы А.В.Анохин атындағы Ұлттық музейінде сақтаулы. Инв. № 9469.


Малдың өлшемі 25,5 х 4 см мүйіз сынығына қашалған мәтін.

Мүйіз қабығына орхонша 15 таңба қашалған.


Жатығынан жолдың ұзындығы 10,7 см, таңба биіктігі 1-1,2 см аралығында.


Көпшеген мектебінің мұғалімі В.М.Моносов. Ғылыми зерттеуін В.Д.Кубарев, Е.П.Маточкин536, А.С.Суразаков537, И.Л.Кызласов538 539 жасады. Анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған (23-ескерткіш).

И.Л. Қызыласов оқып және аударма жасаған. Оның оқуынша: «(Это –) дар презренного (или Кадама-Алдама). Всемогущий (боже) услышь (меня)!».

1.Кочеев В.А. Свод древнетюркских рунических памятников Горного Алтая. Горно-Алтайск: АКИН, 2006. – 52 с.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.