Мендур-Соккон I, большая вертикальная надпись
К.Сейдакматов «үлкен тік жазба» деп атаған бұл бітік Өс-Қан ауданының Меңдүр-Соққан ауылына баратын жолдағы Бом жартасынан табылған болуы керек. Қазір ол жартасты жарып жібергеннен кейін жоғалып кеткен.
«Древнетюркский словарь» бойынша индексі - А 7.
1960 ж Б.Х.Кадиков тапқан. Жаңғыртпасы мен фотосуреттері оқу үшін К.Сейдакматов пен Н.А.Баскаковқа берілген. Ғылыми зерттеуін К.Сейдакматов546, Н.А.Баскаков547, Э.Р.Тенишев548, Д.Д.Васильев549 жасады. Мәтіндік зерттеуін К.Сейдакматов, Н.А.Баскаков, Э.Р.Тенишев жасады. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.