Бар-Бургазы II
Бітіктасты В.Д. Кубарев567 қазып алған дуалдың ішінен тапқан. В.Д. Кубарев тек таңба сияқты белгіні көрсеткен.
Тастың бетіне қашалған таңбаның ішіне тігінен 5 таңбадан тұратын 1 жол қашалған.
Жолдың ұзындығы 6 см, таңбалардың биіктігі 1,9-2 см.
Мәтінді 1980 ж В.А.Кочеев байқап, 1981 ж Д.Д.Васильевке көрсеткен. Кейіннен И.Л.Кызласовқа көрсеткен 568. Мәтіндік зерттеуін И.Л.Кызласов жасады. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.