қазрусeng
:
:
  76 Талдуайры түрік бітік мәтіні

76 Талдуайры түрік бітік мәтіні

VIII-X ғғ


Талдуайры


Қос-Ағаш ауданындағы Бар-Бұрғазы өзенінің оң саласы Талду-Айры өзенінің ернеуінен 1,5-2 км жоғары жерден табылған бітіктасқа қашалған.


Бітіктастың өлшемі 140 х 73 см. 6 таңбадан тұратын 1 жол мәтін.


Таңбалардың биіктігі 3-4 см аралығында.


1978 ж Л.М.Чевалков пен А.С.Смирнов тауып, В.Д.Кубаревке берген. Ескерткішті Д.Д.Васильев, И.Л.Кызласов, Л.Н.Тыбыкова, И.А.Невская және басқалар зерттеді. Мәтіндік зерттеуін В.М.Наделяев571, И.Л.Кызласов 572 жасады. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.

1.Кочеев В.А. Свод древнетюркских рунических памятников Горного Алтая. Горно-Алтайск: АКИН, 2006. – 52 с.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.