761-762 ж. ?
747- 759 ж. билік құрған Ел Етмiш Бiлге қаған дәуірінде жазылған.
«Тэсийн ескерткіші», «Ел етміш Білге Тұр-айын қағанның бірінші ескерткіші »
қазіргі Моңғолия Хөвсгөл аймағы Цагаан уул сұмыны Тэс өзенінің сол жағалауындағы Авдрантын хөндий деген жерден табылған.
Моңғолия Археология институтының зертхана қоймасында сақтаулы тұр.
Бітіктас қызғылтым күрең түсті граниттен жасалынған. Бұл тұғырға орнатылатын төменгі тұсының сынығы. Соған қарағанда бітіктас ұзын биік болған тәрізді. Бір қапталының бұрышында таңба қашалған. Бітіктастың аталмыш сынығында 22 жол мәтін қашалған. Оның біраз бөлігі өшіңкі.
ұзындығы –0, 85 м, ені – 0,35 м, қалыңдығы-0,22 м
1976 ж. Совет-Моңғолия бірлескен тарихи-мәдени экспедициясы кезінде С.Г.Кляшторный, С.Қаржаубай, А.Очир жергілікті тұрғын Л.Цэдэвтің айтуынша тапқан 219 . Алғашқы мәтіндік, тарихи-деректанулық зерттеулерін С.Қаржаубай 220 , С.Г.Кляшторный221 , М.Шинэхүү222 жариялады.
1996-1997 ж. Моңғолия-Жапония бірлескен экспедициясы бітіктасты мұқият зерттеген 223 .
2004 ж. Қазақстандық экспедиция зерттеу жүргізді.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.146-148.