TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Талас жазба ескерткіштері
Талас I бітіктасы
Талас II бітіктасы
Талас III бітіктасы
Талас IV бітіктасы
Талас V бітіктасы
Талас VI/1 [357] және VI/2 ескерткіші
Ашық-тас (Талас VII) таяқшасы
Талас VIII бітіктасы
Талас IX бітіктасы
Талас X бітіктасы
Талас XI бітіктасы
Талас XII бітіктасы
Талас XIII бітіктасы
«Құры-бақайыр» жартастағы түрік бітік мәтіндері
«Қошқор аңғары» тастарындағы түрік бітік мәтіндері
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
Талас жазба ескерткіштері
Талас
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңіріндегі Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер. Олар Бішкек, Тараз, Алматы, Санкт-Петербург мұражайларында сақтаулы. Мәлімет қорына барлығы 15 ескерткіш туралы деректер енген.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңірлеріндегі Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер. Қазіргі кезде бұл аймақтардағы Талас ескерткіштерінің саны шамамен 30-ға жетеді. Қазақстанда Талас, Сыр, Іле, Ертіс өзендері бойынан табылған ескерткіштер де бар. Олар Бішкек, Тараз, Алматы, Санкт-Петербург қалаларының мұражайларында сақтаулы.
1896—1898 жылдары сол кездегі уезд бастығы-өлкетанушы В. А. Каллаур, мұғалім Гастев Талас қаласынан (Әулиеата уезі) 8 км солтүстік-шығыстағы Айр-Там-Ой, Қалба сайы шатқалында көне түрік жазулы домалақ пішінді 3 тас табады.
1898 ж. А. Гейкел басқарған Фин-угор ғылыми қоғамының экспедициясы тағы да көне түрік жазулы екі тас кездестіреді.
1932 ж. Талас өзені бойынан Ашықтас деген жерден төрт қырлы ағаш таяқшада ойылып жазылған көне түрік жазуы табылады.
Талас ескерткіштерін бірінші, екінші, үшініші тас ескерткіштер деп сандық ретпен атау қалыптасқан. Бұл тарихи тұрғыдан Түрік Елі, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері дәуіріне қатысты делінеді.
Талас бітіктастары мен ескерткіштерінің мәтіндік зерттеулерін В. В. Радлов, А. Гейкел, Ю. Немет, С. Е. Малов, X. Н. Орхун, А. М. Щербак, И. А. Батманов, Ч. Жумагулов, А. С. Аманжолов және т. б. ғалымдар жасады.
1961, 1963 және 1977 жылдары 6, 7, 8, 9, 10 ескерткіштер, жартастағы ұсақ жазулар табылды (П. Н. Кожемяко, Д. Ф. Винник, Ч. Жумагулов, У. Асаналиев, К. Аширалиев, Г. Карагулова).
1998—2000 жылдары жаңадан тағы да сегіз жазу табылды (К. Табалдиев, О. Солтобаев).
Базылхан Н. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы// "Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.