|
Орхон аймағының ескерткіштері | |
|
Енисей жазба ескерткіштері | |
|
Орхон Моңғолияның Алтай, Хаңгай, Соен, Кентай тау жоталары, Қобы шөл даласы, Орхон, Селеңгі, Туыл, Онгин, Керулен, Онон, Ханұй, Хүнүй, Тэс, Қобда өзендерінің бойы мен Көпсукөл, Қырғыс, Қарасу, Ұбсы көлдерінің жағалауында табылған ескерткіштер. Барлығы 54 ескерткіш мәлімет қорына енген.
Орхон ескерткіштері туралы
|
Енисей Мәлімет қорында Хакасия, Тува, Красноярск, Лена өңірі, Енисей, Абакан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест және т.б. өзен бойында, қорғандарда табылған 106 жазба ескерткіштердің мәтіні, транскрипциясы, суреттері, сызбалары және т.б. көптеген мәлімет бар.
Енисей ескерткіштері туралы
|
Талас жазба ескерткіштері | |
|
Тұрпан жазба ескерткіштері | |
|
Талас
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңіріндегі Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер. Олар Бішкек, Тараз, Алматы, Санкт-Петербург музейлерінде сақтаулы. Мәлімет қорына барлығы 15 ескерткіш туралы деректер енген.
Талас ескерткіштері туралы | Тұрпан манускриптері Тұрпан жазбалары деп Шығыс Түркiстан - Тұрпан ойпаты, Дунхуань аймақтарынан табылған қытай қағазға жазылған түрік мәтіндері туралы деректер аталған. Мәлімет қорына барлығы 38 ескерткіш туралы деректер енген.
Тұрпан манускриптері туралы
|
Алтай жазба ескерткіштері | |
|
Қазақстаннан табылған ескерткіштер | |
|
Алтай Таулы Алтай өлкесіндегі ортағасырлық түрік бітіктері 1818 ж Г.Спасский Чарыш өзінінің жанынан тауып жариялағаннан бері зерттеліп келеді. Бұл салада жүргізілген зерттеулерге И.Л.Кызласов, В.Д.Кубарев көп үлес қосты. Біздің қорға 78 ескерткіш туралы мәлімет енген.
Алтай ескерткіштері туралы
|
Қазақстан Қазақстан жерін ежелде мекендеген ру-тайпалар мен саяси этностық бірлестіктерде түрік бітік, соғды және т.б. көне жазу түрлері кеңінен қолданылғандығы археологиялық қазбалар барысында анықталып келеді. Мәлімет қорында 7 ескерткіш туралы деректер бар.
Қазақстан жазба ескерткіштері туралы
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|