Енисей жазба ескерткіштері | |
|
|
|
Енисей
Мәлімет қорында Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Красноярск, Лена өңірі, Енисей, Абакан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест және т.б. өзен бойында, қорғандарда табылған 106 жазба ескерткіштер бар.
|
Енисей өзені бойында шоғырланған түрік бітіктастары мен ескерткіштерін түрік бітіктану саласында "Енисей көне түрік жазба ескерткіштері" деп атап кеткен. |
Ондай көне мұралар қазіргі Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Красноярск, Лена өңірлерінде, Енисей, Абақан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест және т.б. өзен бойында, қорғандарда кездеседі. Жалпы саны 158-ден асады. |
Ғалымдар Енисей бітіктастары мен ескерткіштердің дені хронологиялық тұрғыдан VIII-X ғасырларға қатысты екендігін анықтады. Түрік бітік жазулары бұғытас, арнайы дайындалған құмдақ, сланец, гранит және т.б. тас түрлеріне, жартастарда, сонымен қатар әшекейлі бұйым, алтын, күміс ыдыс-аяқ, металл айна, тиын, және т.б. заттарда жазылған. |
Қазіргі кезде бітіктастар мен ескерткіштердің алғаш орнатылған орнында тұрғандары өте сирек кездеседі. Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің көпшілігі Минусинск, Кызыл, Абақан, Красноярск және де Санкт-Петербург, Хельсинки, Мәскеу мұражайларында сақтаулы. |
Енисей ескерткіштері туралы алғашқы хабар-мәліметтер XVII—XVIII ғасырларда белгілі болып, оларды жариялау, іздестіру, археологиялық зерттеу жұмыстары XIX ғасырда қолға алынды. |
Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің археологиялық, тарихи, мәтіндік аудармалары, түсіндірмелері, грамматикалың ерекшеліктері, сөздік және т. б. лингвистикалық зерттеулерге байланысты көп материалдар жарияланды. |
Енисей ескерткіштерінің Орхон, Талас және т. б. жазба ескерткіштерінен таңбалық-графикалық, тілдік жағынан айтарлықтай өзгешеліктері жоқ деуге болады. |
Бұл мәтіндерде Түрік, Түргеш, Кырғыз, Ач, Чик, Төлбери және т. б. этнонимдер кездеседі. Тарихи тұрғыдан алғанда, Енисей ескерткіштері Түрік Елі, көне түрік ұлыс мемлекеттерінің, әсіресе "Қырғыз ұлысының" дәуіріне жатқызылады. |
Енисей ескерткіштері ішіндегі ең ірісі 400-дей таңба-әріптен тұрады. Мәтіндерінің мазмұны әр түрлі, көпшілігі жоқтау-эпитафиялық сарынды болып келеді, онда әуелі белгілі бір тұлғаның есімдері, одан кейін оның өмірбаяны, жорық шабуылдары айтылып, аяғында ел-жұртынан, ағайын-туысқандарынан айрылғаны, жоқтаулары бәдізделген. |
Ескерткіштер алғаш табылған өзен-су, жер атауларымен аталған және ғылыми шартты түрде Е-1, Е-50, Е-150.... деген санмен реттелген. Мысалы: Уюк-Тарлак (Е-1), Барык I (Е-5), Барык II (Е-6), Элэгэст (Е-10), Бегре (Е-11), Уйбат I (Е-30) және т. б. |
Осы өңірлердегі көне мұралардың, әсіресе көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерінің тарихы, тілдік ерекшелігі және т. б. зерттеулері жүргізіліп келеді. |
Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің алғашқы зерттеулерін Д. Г. Мессершмидт1, И. Р. Аспелин2, А. О. Гейкел3 , О. Доннер4, Д. А. Клеменц, М. А. Кастрен, А. В. Адрианов, В. В. Радлов5 және т. б. ғалымдар жариялады. Сонымен қатар Финляндия6, Ресей7 ғалымдары дайындаған Енисей ескерткіштерінің атласы жарық көрді. |
Енисей бітіктастары мен ескерткіштерін жан-жақты зерттеу ісіне X. Н. Орхун8, С. Е. Малов9, Л. А. Евтюхова10, С. В. Киселев11, Л. Р. Кызласов12, А. Н. Бернштам, Э. Р. Рыгдылон, Л. Базен, А. М. Щербак13, С. И. Вайнштейн, А. К. Боровков, Д. М. Насилов14, И. А. Батманов15, 3. Б. Чадамба (Арагачи)16, С. В. Субракова17, Г. Ф. Бабушкин, А. Ч. Кунаа18, А. С. Аманжолов19, С. Г. Кляшторный, Д. Д. Васильев20, И. В. Кормушин21, И. Л. Кызласов22 және т. б. ғалымдар мол үлестерін қосты. |
Базылхан Н. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы// "Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. |
1 Messcrschmidt D. C. Forschungsreise durch Sibirien. 1720-1727. Bd VIII. T. 1-5. Berlin, 1962-1970.
2 Alt-Altaishe Kunstdenkmaler. Briefe und Bildmaterial von J. R. Aspelin's Reisen in Sibirien und der Mongolei 1887-1889 herausgegeben von Hjalmar Appelgren - Kivalo. Helsingfors, 1931.
3 Heikel A. O. Die Grabuntersuchungen und Funde bei Tascheba. Zeirschruft der Finnischen Altertumsgesellschaft. Helsinki, 1913. XXVI.
4 Donner O. Worterverzeichniss zu den Iscriptions de L' lenissei. MSFOu, 1892. 4.
5 Radloff W. Die Alttürkischen Inscriften der Mongolei. Dritte Lieferung. Die Denkmäler von Koscho-Zaidam, die übrigen denkmaler des Orchon bechens und denkmaler im flussgebiete des Jenissei. St. Petersburg, 1895.
6 Iscriptions de L'Ienissei. Recueillies et publiees par la Societe Finlandaise d'Archeologie. Helsingfors, 1889.
7 Radloff W. Atlas der Alterthümer der Mongolei // Arbeiten der Orchon Expedition. I-IV. St. Petersburg, 1892, 1893, 1896, 1899; Радлов B.B. Атлас древностей Монголии // Труды Орхонской экспедиции. Вып. 1-4. Спб., 1892-1899. Таб. 118.
8 Orhun H. N. Eski turk yazitlari. Istanbul, Сilt II-III. 1939-1940.
9 Малов С. Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952.
10 Евтюхова Л. А. Археологические памятники енисейских кыргызов. Абакан, 1948.
11 Киселев С. В. Древняя история Южной Сибири. М., 1951.
12 Кызласов Л. Р. Новая датировка памятников енисейской письменности // Советская археология. 1960. № 3 . С. 93-120.
13 Щербак А. М. Енисейские рунические надписи: к истории открытия и изучения / Тюркологический сборник. 1976. С. 111—134.
14 Насилов В. М. Язык орхоно-енисейских памятников. М., 1960.
15 Батманов И. А. Язык енисейских памятников древнетюркской письменности. Фрунзе, 1959.
16 Батманов И. А., Арагачи 3. Б., Бабушкин Г. Ф. Современная и древняя Енисейка. Фрунзе, 1962.
17 Субракова О. В., Батманов И. А. Хакасияның пурунгы пічіктері. сыхча 1. Абакан, 1970.
18 Батманов И. А. и Кунаа А. Ч. Памятники древнетюркской письменности Тувы. Вып. I, II, III. Кызыл, 1963-1965.
19 Аманжолов А. С. Тюркская руническая графика (методическая разработка). А.-А., 1980., Аманжолов А. С. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003.
20 Васильев Д. Д. Корпус тюркских рунических памятников бассейна Енисея. Л., 1983.
21 Кормушин И. В. Тюркские енисейские эпитафии. Тексты и исследования. М., 1997.
22 Кызласов И. Л. Рунические письменности Евразийских степей. М., 1994.
|
|
|
|
|