Сайтта бар дерек, сурет, т.б. ақпаратты көшіріп алуға бола ма?
Авторлық құқығының шеңберінде суреттерді, мультимедиялық бейне, дыбыс материалдарды көшіріп пайдалануыңызға болады.
Сайтты жасағандармен қалай хабарласам?
Сайт жасаушыларды Контакт бетіндегі көрсетілген мекен-жайдан табасыз.
Сайттың бетінен қате таптым. Кімге айтып жөндеуге болады?
Бұл сайт жақында жарияланып отырғандықтан, ақпаратта қате кетуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Егер мәтіннен немесе басқа да ақпаратта қате кетсе бізге хабарласуыңызды күтеміз. Сайт жасаушыларды Контакт бетіндегі көрсетілген мекен-жай бойынша табасыз.
Маған сайттың дизайны ұнамайды. Оны басқаша жасау керек! Менде керемет дизайн бар, соны қолдануға болмас па екен?
Егер сайт иесі мен Сіздің шешімдеріңіз сәйкес келіп, дизайныңыз сайттың тақырыбын ашатын болса, қолдануға болады.
Сайтта түсініксіз мәтін бар (немесе көне түрік мәтіні көрінбей тұр).
Егер сіздің операциялық жүйеңіз Microsoft® Windows® болса, жүйеңізге мына екі шрифтті көшіріп қойыңыз: Шрифт 1, Шрифт 2.
- Шрифтерді өзіңіздің компьютеріңізге түсіріп алыңыз.
- WINDOWS ішіндегі FONTS қалтасына көшіріп қойыңыз.
- Сайтты F5 басып жаңартыңыз. Сонда таңбалар дұрыс көрінуі керек.
Бұл сайтпен қалай жұмыс істейді?
Бұл сайттың көмегімен сіз VI-IX ғғ аралығындағы жазба ескерткіштері туралы толық мәлімет ала аласыз. Барлық ескерткіштер туралы ақпарат Ескерткіш бөлімінде жинақталған. Әрбір ескерткіштің анықтамасын, мәтінін, фотосуретін, сызбасын көрсетілетіндей етіп жүйеленген. Сонымен қатар, іздеу жүйесі арқылы керекті мәліметті ескерткіштің аты, анықтамасы, ғылыми зерттеуі, ғылыми еңбектерге сілтемесі, мәтіні, транскрипциясы, аудармалары арқылы іздеп табуға болады.
Үйреткіш бөлімін пайдаланып қазақ тілін білетін адам көне түрік бітікті оқып түсіну, жазып үйренуіне болады.
Этномәдени сөздік қазақ тілімен салыстыра отырып көне түрік сөздерін түсіндіреді. Әрбір сөздің көне деректерде кездесуін, транскрипциясы мен қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудармасын көрсетеді.
Деректемелер бөлімінен ғылыми-зерттеу іссапары кезінде жинақталған мол материалдардың электронды түрін алуға болады.
Менде Түрік бітіктің дискісі бар, соның кодын қайдан аламын?
Коды: 59589008-39791
Сұрағыма мына жерден жауап таппадым. Не істейм?
Сұрағыңызды Контакт бетінде көрсетілген мекен-жайға хатпен немесе электрон хатпен жолдаңыз. Хат жолдау.
|