|
Тұрпан жазба ескерткіштері | |
|
|
|
Тұрпан
Тұрпан жазбалары деп Шығыс Түркiстан - Тұрпан ойпаты, Дунхуань аймақтарынан табылған қытай қағазға жазылған түрік мәтіндері туралы деректер аталған. Мәлімет қорына барлығы 38 ескерткіш туралы деректер енген.
|
Шығыс Түркістан - Тұрпан ескерткіштері. |
Шығыс Түркістан аймағы ежелгі жазба ескерткіштерге бай өңір. Оларға ҚХР-дың ШҰАР, Тұрпан, Дунхуан, Миран өңірлерінде табылған, қағазға жазылған қолжазбалар мен құрылыс қабырғаларында өрнектелген көне түрік бітік жазулары жатады. Олардың ең үлкені 60 парақтан астап "Ырық бітік" туындысы болып табылады. Бұл ескерткіштер 1902 жылдан бері зерттеліп келеді. Тұрпан ескерткіштері Германия, Англия, Ресей, Франция және Жапония кітапханаларында сақтаулы. А.Ле Кок1, М.А.Стейн, В.Томсен2, Ж.Р.Хамильтон3, Л.Базин, Х.Н.Орхун және т.б. ғалымдар зерттеу жүргізді |
Біздің мәлімет қорында Берлин Бранденбург Ғылым Академясы дайындаған Тұрпан манускриптерінің цифрлы қорына сілтемелер бар. Цифрлы қордың толық түрін мына жерден қараңыз.
Turfanforschung. Digitales Turfan-Archiv.
Сонымен қатар Британ кітапханасындағы Стейн коллекциясына жататын түрік бірік мәтіндерін де мына цифрлы архивтен көруіңізге болады: International Dunhuang Project. Біздің мәлімет қорда Стейн коллекциясына жататын (Or. деп басталатын) ескерткіштер суреттеріне сілтемелер көрсетілген.
|
1A. von Le Coq. Kokturkisches aus Turfan. Mansckrift-fragmente in kokturkischen Runen aus Toyog und Idiqut-schahari, Oase von Turfan //Sitzungsberischte der Preussischen Akademie der Wissenschaften. Phil.-hist. Kl. 1909.
2Thomsen V. Dr. M.A.Stein's manuscrifts in Turkish "runic" scrift from Miran and Tun-Huang //Journal of the Royal Asiatic Society, London. 1912. P.181-227; Thomsen V. Ein Blatt in turkischer "runen" schrift aus Turfan //Sitzungsberischte der Preussischen Akademie der Wissenschaften. Phil.-hist. Kl. 1910. XV; Thomsen V.Fragments of a runic Turkish manuscript Kao 0107 from Kara-Khova //Innermost Asia. Vol. II. Oxford, 1928.
3Hamilton J.R., Bazin L. Un manuscrift chinois et turc runiforme de Touen-Houang. BM. Or.8212(78), (79) //Turcica, Revue d'Etudies Turques, 4. 1972, P.25-42.
|
|
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|