TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Енисей жазба ескерткіштері
Уюк-Тарлақ (е-1) бұғытасы және мәтіні
Уюк-Аржан (е-2) бұғытасы және мәтіні
Уюк-туран (е-3) бұғытасы және мәтіні
Оттук Даш I (е-4) бітіктасы
Барық I (е-5) бітіктасы
Барық II (е-6) бітіктасы
Барық III (е-7) бітіктасы
Барық IV (e-8) бітіктасы
Қара-сұғ (e-9) бітіктасы
Елегест I (е-10) бұғытасы және мәтіні
Бегре (е-11) бітіктасы
Алдыы-Бель I (e-12) бітіктасы
Чаа-қол I (е-13) бітіктасы
Чаа-Қол II (e-14) бітіктасы
Чаа-Қол III (e-15) бітіктасы
Чаа-Қол IV (e-16) бітіктасы
Чаа-Қол V (e-17) бітіктасы
Чаа-Қол VI (e-18)
Чаа-Холь VII (e-19)
Чаа-Холь VIII (е-20)
Чаа-Холь IX (e-21)
Чаа-Қол X (e-22)
Чаа-Қол XI (e-23)
Хая-ужу (e-24) жартастағы мәтіндер
Означенное (е-25) бітіктасы
Очуры Ачуры (e-26)
Оя (е-27) бітіктасы
Алтын көл (е-28) бітіктасы
Алтын Көл II (e-29)
Уйбат I (е-30) бұғытасы және мәтіні
Уйбат II (e-31)
Уйбат III (е-32) бұғытасы және мәтіні
Уйбат-IV (e-33)
Уйбат-V (e-34)
Туба-I (e-35) бітіктасындағы мәтін
Туба-II (e-36) жартастағы мәтін
Тес (е-37) бәдіз мәтіні
Ак-юс (e-38) жартастағы мәтін
Қара-юс-I (e-39) жартастағы мәтін
Ташеба (e-40) бітіктастағы мәтін
Кемчік-чырғақ (е-41) бітіктасы
Бай-бұлын I (е-42) бітіктасы
Қызыл-чыра бірінші (е-43) бітіктасы
Қызыл-чыра екінші (е-44) бітіктасы
Көжелік-қобы (е-45) бітіктасы
Теле (е-46) бітіктасы
Абақан (е-48) бітіктасы
Бай-бұлын II (е-49) бұғытас және мәтіні
Тува стеласы «Б» (e-50) бітіктастағы мәтін
Туваның үшінші (е-51) бітіктасы
Елегест II (e-52) бітіктастағы мәтін
Елегест III (е-53) бұғытасы және мәтіні
Оттук Даш III (е-54) бітіктастағы мәтін
Тува стеласы «Г» (e-55) бітіктастағы мәтін
Малиновка (e-56) бітіктастағы мәтін
Сайғын (е-57) бұғытасы және мәтіні
Кезек-Хуре (e-58) бұғытасындағы мәтін
Кербис-бары (е-59) бітіктасы
«Саргал аксы» (e-60) бітіктасындағы мәтін
Суглуг-адыр-аксы (е-61) бітіктасы
Қанмылдық-қобы (е-62) бітіктасы
Ортаа-Хем (e-63) бітіктасындағы мәтін
Оттук Даш II (e-64) бітіктасындағы мәтін
Қара-бұлын I (е-65) бітіктасы
Қара-бұлын- II (е-66) бітіктасы
Қара-бұлын-III (e-67) бітіктас сынығындағы мәтін
Ел-бажы (е-68) бітіктасы
Чер-Чарық (е-69)
Елегест IV Иір көл (e-70) бітіктасындағы мәтін
«Подкунинское» (e-71) бітіктас сынығындағы мәтін
Алдыы-Бель -II (e-72) бітіктас сынығындағы мәтін
Ийме I (e-73) бітіктасындағы мәтін
Самагалтай (e-74) бұғытасындағы мәтін
Кутень-булук (e-75) жартастағы мәтін
Айна I сынығындағы (e-76) мәтін
Қытай айнадағы (е-77) түрік бітік мәтін
Қытай мыс тиындағы (е-78) түрік бітік мәтіні
Қытай мыс тиындағы (е-79) түрік бітік мәтіні
Белдік қапсырмасындағы (e-80) мәтін
«Алтын құмыра-I» (e-81) мәтіні
«Алтын құмыра-II» (e-82) мәтіні
Уйбат VII, «Уйбат күміс тостаған» (e-83) мәтіні
Айна III сынығындағы (e-84) мәтін
Айна IV сынығындағы (e-85) мәтін
Тұмаршадағы (e-86) таңбалар
Тас ұршықтағы (e-87) мәтін
Тас тұмаршадағы (e-88) мәтін
Овюр-I (e-89) бітіктасындағы таңбалар
Овюр-II (e-90) бітіктасындағы таңбалар
«Беделиг» (e-91) тастағы мәтін
«Демир суг» (e-92) бітіктастағы мәтін
«Йур-сайыр-I» (e-93) бітіктастағы мәтін
Уйбат VI (е-98) бітіктасы
Ортаа-Тей (e-99)
Баян-Қол (е-100)
Аржан II (е-102) ауыздықтағы түрік бітік мәтін
Аржан II (е-103) қапсырмадағы түрік бітік мәтін
Означенное II (Е-104) бітіктасы
Қызыл музейіндегі бітіктас (е-105)
Уюк Оорзак I (е-108) бұғытасы мен түрік бітік мәтіні
Уюк Оорзак II (е-109) бітіктасы
Уюк Оорзак III(е-110) бұғытасы мен мәтіні
Ээрбек I (е-147) бітіктасы
Ээрбек II (е-149) бітіктасы мен мәтіні
Шанчы 3 (е-152) бітіктасы
Күміс тостағандағы түрік бітік мәтіні
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
Енисей жазба ескерткіштері
Енисей
Мәлімет қорында Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Красноярск, Лена өңірі, Енисей, Абакан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест және т.б. өзен бойында, қорғандарда табылған 106 жазба ескерткіштер бар.
Енисей өзені бойында шоғырланған түрік бітіктастары мен ескерткіштерін түрік бітіктану саласында "Енисей көне түрік жазба ескерткіштері" деп атап кеткен.
Ондай көне мұралар қазіргі Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Красноярск, Лена өңірлерінде, Енисей, Абақан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест және т.б. өзен бойында, қорғандарда кездеседі. Жалпы саны 158-ден асады.
Ғалымдар Енисей бітіктастары мен ескерткіштердің дені хронологиялық тұрғыдан VIII-X ғасырларға қатысты екендігін анықтады. Түрік бітік жазулары бұғытас, арнайы дайындалған құмдақ, сланец, гранит және т.б. тас түрлеріне, жартастарда, сонымен қатар әшекейлі бұйым, алтын, күміс ыдыс-аяқ, металл айна, тиын, және т.б. заттарда жазылған.
Қазіргі кезде бітіктастар мен ескерткіштердің алғаш орнатылған орнында тұрғандары өте сирек кездеседі. Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің көпшілігі Минусинск, Кызыл, Абақан, Красноярск және де Санкт-Петербург, Хельсинки, Мәскеу мұражайларында сақтаулы.
Енисей ескерткіштері туралы алғашқы хабар-мәліметтер XVII—XVIII ғасырларда белгілі болып, оларды жариялау, іздестіру, археологиялық зерттеу жұмыстары XIX ғасырда қолға алынды.
Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің археологиялық, тарихи, мәтіндік аудармалары, түсіндірмелері, грамматикалың ерекшеліктері, сөздік және т. б. лингвистикалық зерттеулерге байланысты көп материалдар жарияланды.
Енисей ескерткіштерінің Орхон, Талас және т. б. жазба ескерткіштерінен таңбалық-графикалық, тілдік жағынан айтарлықтай өзгешеліктері жоқ деуге болады.
Бұл мәтіндерде Түрік, Түргеш, Кырғыз, Ач, Чик, Төлбери және т. б. этнонимдер кездеседі. Тарихи тұрғыдан алғанда, Енисей ескерткіштері Түрік Елі, көне түрік ұлыс мемлекеттерінің, әсіресе "Қырғыз ұлысының" дәуіріне жатқызылады.
Енисей ескерткіштері ішіндегі ең ірісі 400-дей таңба-әріптен тұрады. Мәтіндерінің мазмұны әр түрлі, көпшілігі жоқтау-эпитафиялық сарынды болып келеді, онда әуелі белгілі бір тұлғаның есімдері, одан кейін оның өмірбаяны, жорық шабуылдары айтылып, аяғында ел-жұртынан, ағайын-туысқандарынан айрылғаны, жоқтаулары бәдізделген.
Ескерткіштер алғаш табылған өзен-су, жер атауларымен аталған және ғылыми шартты түрде Е-1, Е-50, Е-150.... деген санмен реттелген. Мысалы: Уюк-Тарлак (Е-1), Барык I (Е-5), Барык II (Е-6), Элэгэст (Е-10), Бегре (Е-11), Уйбат I (Е-30) және т. б.
Осы өңірлердегі көне мұралардың, әсіресе көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерінің тарихы, тілдік ерекшелігі және т. б. зерттеулері жүргізіліп келеді.
Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің алғашқы зерттеулерін Д. Г. Мессершмидт1, И. Р. Аспелин2, А. О. Гейкел3 , О. Доннер4, Д. А. Клеменц, М. А. Кастрен, А. В. Адрианов, В. В. Радлов5 және т. б. ғалымдар жариялады. Сонымен қатар Финляндия6, Ресей7 ғалымдары дайындаған Енисей ескерткіштерінің атласы жарық көрді.
Енисей бітіктастары мен ескерткіштерін жан-жақты зерттеу ісіне X. Н. Орхун8, С. Е. Малов9, Л. А. Евтюхова10, С. В. Киселев11, Л. Р. Кызласов12, А. Н. Бернштам, Э. Р. Рыгдылон, Л. Базен, А. М. Щербак13, С. И. Вайнштейн, А. К. Боровков, Д. М. Насилов14, И. А. Батманов15, 3. Б. Чадамба (Арагачи)16, С. В. Субракова17, Г. Ф. Бабушкин, А. Ч. Кунаа18, А. С. Аманжолов19, С. Г. Кляшторный, Д. Д. Васильев20, И. В. Кормушин21, И. Л. Кызласов22 және т. б. ғалымдар мол үлестерін қосты.
Базылхан Н. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы// "Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005.
1 Messcrschmidt D. C. Forschungsreise durch Sibirien. 1720-1727. Bd VIII. T. 1-5. Berlin, 1962-1970.
2 Alt-Altaishe Kunstdenkmaler. Briefe und Bildmaterial von J. R. Aspelin's Reisen in Sibirien und der Mongolei 1887-1889 herausgegeben von Hjalmar Appelgren - Kivalo. Helsingfors, 1931.
3 Heikel A. O. Die Grabuntersuchungen und Funde bei Tascheba. Zeirschruft der Finnischen Altertumsgesellschaft. Helsinki, 1913. XXVI.
4 Donner O. Worterverzeichniss zu den Iscriptions de L' lenissei. MSFOu, 1892. 4.
5 Radloff W. Die Alttürkischen Inscriften der Mongolei. Dritte Lieferung. Die Denkmäler von Koscho-Zaidam, die übrigen denkmaler des Orchon bechens und denkmaler im flussgebiete des Jenissei. St. Petersburg, 1895.
6 Iscriptions de L'Ienissei. Recueillies et publiees par la Societe Finlandaise d'Archeologie. Helsingfors, 1889.
7 Radloff W. Atlas der Alterthümer der Mongolei // Arbeiten der Orchon Expedition. I-IV. St. Petersburg, 1892, 1893, 1896, 1899; Радлов B.B. Атлас древностей Монголии // Труды Орхонской экспедиции. Вып. 1-4. Спб., 1892-1899. Таб. 118.
8 Orhun H. N. Eski turk yazitlari. Istanbul, Сilt II-III. 1939-1940.
9 Малов С. Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952.
10 Евтюхова Л. А. Археологические памятники енисейских кыргызов. Абакан, 1948.
11 Киселев С. В. Древняя история Южной Сибири. М., 1951.
12 Кызласов Л. Р. Новая датировка памятников енисейской письменности // Советская археология. 1960. № 3 . С. 93-120.
13 Щербак А. М. Енисейские рунические надписи: к истории открытия и изучения / Тюркологический сборник. 1976. С. 111—134.
14 Насилов В. М. Язык орхоно-енисейских памятников. М., 1960.
15 Батманов И. А. Язык енисейских памятников древнетюркской письменности. Фрунзе, 1959.
16 Батманов И. А., Арагачи 3. Б., Бабушкин Г. Ф. Современная и древняя Енисейка. Фрунзе, 1962.
17 Субракова О. В., Батманов И. А. Хакасияның пурунгы пічіктері. сыхча 1. Абакан, 1970.
18 Батманов И. А. и Кунаа А. Ч. Памятники древнетюркской письменности Тувы. Вып. I, II, III. Кызыл, 1963-1965.
19 Аманжолов А. С. Тюркская руническая графика (методическая разработка). А.-А., 1980., Аманжолов А. С. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003.
20 Васильев Д. Д. Корпус тюркских рунических памятников бассейна Енисея. Л., 1983.
21 Кормушин И. В. Тюркские енисейские эпитафии. Тексты и исследования. М., 1997.
22 Кызласов И. Л. Рунические письменности Евразийских степей. М., 1994.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.