Алтайдан табылған жазба ескерткіштер | |
|
|
|
Алтайдан табылған ескерткіштер
Мәлімет қорына Алтайдан табылған 78 ескерткіш туралы деректер енген.
|
Алтай түрік бітік жазба ескерткіштері |
Кочеев В.А. Свод древнетюркских рунических памятников Горного Алтая. – Горно-Алтайск: АКИН, 2006. |
«Таулы Алтайдың ортағасырлық түрік бітік жазба ескерткіштерін зерттеу тарихы екі ғасыр. 1818 жылы Г.И.Спасский Шарыш өзенінің жағасынан бірінші алтай бітігін тапты. Содан бері Алтайда түрік бітік жазба ескерткіштерін іздеу және зерттеу жұмыстары жалғасып келеді. Жалғасқанда бұл зерттеулер үзік-үзік жүріп отырды. И.Л.Кызласов … алтай бітігін зерттеуді үш шартты кезеңге бөлді: бірінші – XX ғ 40-ж аяғы – 60-ж басы, екінші – 60–80-жж., үшінші – 90-ж басталып, қазірге дейін жалғасуда 1. |
Таулы Алтай бітігін зерттеудің тарихын толық әрі дәйекті түрде В.Д.Кубарев жазды 2… |
XX ғ 90-ж Алтай түрік бітік жазба ескерткіштері кең таралуына байланысты Хакасия, Тува және Монғолиямен бір қатарға шыққаны белгілі болды. Археологтардың қажырлы еңбегі арқасында алдыңғы кезеңде үш үлкен түрік бітік жазба ескерткіштерінің орталығы ашылған болатын. Ең алдымен, әрине, Жалпақ-Тас – Ресейдегі ең ірі түрік бітік жазба ескерткіші. Бұдан бұрын Тувадағы 16 мәтіні бар Хая-Бажы кешені үлкен болып есептелетін. Келесі екі орталық – это Бішікті-Бом мен Меңдүр-Соққан… |
… Алдын ала болжам бойынша, қазір түрік бітік ескерткіштері кездесетін төрт аймақты атауға болады. Олар Ұрсұл және Қаракөл өзені маңайлары, Оңтүстік-Алтай ескерткіштері, Үст-Қан тобына жататын ескерткіштер. Басқа аймақтарда табылған бірен-сарат жазба ескерткіштер ол жерледе де түрік бітіктің табылуы мүмкіндігіне меңзейді. Арнайы зерттеулер нәтижесінде жаңа ескерткіштер ашылатыны анық. |
Соңғы жылдарда іздеуге қатысты далалық жұмыстардың барысында Таулы Алтайдағы түрік бітіктің жазылуының осы аймаққа тән бірнеше ерекшеліктері анықталды. Таулы Алтайда түрік бітіктің үш түрі белгілі. Ең бірнші, бұл жартастың етегіне қашалған бітіктер. Олар, әдетте, жеке адамға қатысты. Бұлар IX-X ғғ жатқызылды. Екінші түрі – бітіктастардағы түрік бітік жазуы. Бұлар, әрине, эпитафиялық сарындағы, Таулы Алтайда Тува мен Хакасия халқының салт-дәстүрінен IX-X ғғ берілген3 бітіктер. Соңғы, үшінші түрі әртүрлі заттың бетіне қашалған бітіктер, мұндай заттар ерте VIII-IX ғғ ортағасырлық жерлеулерден табылып отыр.» |
Түрік бітік жазба ескерткіштерінің тізімін жасау «Таулы Алтайда соңғы жылдары Горно-Алтайск мемлекеттік университеті, Алтай республикасының тарихи-мәдени мұра агенттігі, А.В.Анохин атындағы Алтай республикасының Ұлттық музейі, Франкфурт қаласының университеті көмегімен жүрді». |
Алтайдағы түрік бітікті зерттеуге «әр жылдары И.Л.Кызласов, В.Ачапов, Е.П.Маточкин, О.В.Майчиков, И.А.Невская, В.П.Ойношев, А.Т.Тарбанаев, Л.Н.Тыбкова, С.Ю.Чевалков, Е.Е.Ямаева» ат салысты.4 |
1 Кызласов И.Л. 280 лет исследования древнетюркской рунической письменности. //Древности Алтая. – Горно-Алтайск, 2002.
2 Кубарев В.Д. К истории изучения древнетюркской эпиграфики Алтая. //Проблемы изучения истории и культуры Алтая и сопредельных территорий. – Горно-Алтайск, 1992.
3 Кызласов И.Л. Руническое письмо в горах Алтая. //Проблемы изучения истории и культуры Алтая и сопредельных территорий. – Горно-Алтайск, 1992.
4 Тарихи-мәдени қордың мәлімет қорын толықтыруға көмектескені үшін «Свода древнетюркских рунических памятников Горного Алтая» кітабының жауапты редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент В.И.Соёновқа мол ризашылығымызды білдіреміз.
|
|
|