TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[esiz] есіз
«Иесіз». Бұл Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінде жиі кездесетін сөздердің бірі. В.В. Радлов siz- «Von euch» (Сізден), С.Е. Малов siz - «от Вас» (Сізден), И.А. Батманов siz - «от Вас» (Сізден). Бұл орайда мәтіннің мазмұнына байланысты аталған бұл сөзді түсіндіру қажет секілді. Мәселенің мәнісі мынада болса керек, айталық, осындай жоқтауды мәтін иесі көзінің тірі кезінде жазды ма, әлде өлер алдында айтқан сөзі кейін жоқтау рәсіміне байланысты мәтін болып қашалды ма деген сауалдар көлденең қойылады . Қалай десекте бұл жолдар мәтін иесінің өз сөзі екені анық. Кей тұстарда бітіктас иесіне байланысты жоқтау сарындар байқалады. Басқаша айтқанда бұл оның өсиеті деген сөз. Демек «сіз» деуге де, «қайран, өкінішті» деуге де келмейді. Мұнда есіз- деген «қайран, өкінішті» мағыналы болу керек деген пікірді алғаш Т.Текин жариялаған еді. Т.Текин еsiz – «қайран, өкінішті», И.В. Кормушин еsiz – «жаль», А.С. Аманжолов еsiz – «увы, как жаль, к сожалению» (қайран, өкінішті), И.Л. Кызласов еsiz –«о горе» ( қайғы, қасірет, сор) және т.б. мағынада оқиды. Сондықтан әңгімеге өзек болып отырған «Siz // Esiz» дегеніміз жылап-еңіреп, өкініп күйінген адам жайында немесе оның өкініші, қайғысы, қасіреті жайында емес деген тоқтамға келуге болады. Бір сөзбен айтқанда «Тәнірі Елінің елшісі, алты бау рудың бектері», батыр бекзаттары емес. Ол керісінше «иесіз қалып бара жатқан, иеліксіз кетіп бара жатқан», байсыз, ерсіз қалдың-ғой, менен кейінгі ұрпақ, менен кейінгі «елім, ұлдарым, ханшайымдарым, халқым» деген этномәдени мәнде қолданылған болса керек. Аталмыш сөздің этимологиялық төркіні idi // ije // е //+siz > еsiz. Мұның да Орхон бітіктастары мен ескеркіштері мәтінінде кездесетін ұқсас қолданысы - idi (ие) , idisiz (иесіз).
Мәлімет қорынан қара
Этномәдени сөздікпен қатар Түрік бітік мәтін қорында көне түрік-қазақ сөздігі бар.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.