TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  «Тэвш» бітіктасы
Анықтама Мәтін Сурет Сызба Өлшем

«Тэвш» бітіктасы

Тарихи анықтама

VII-VIII ғасыр.

Көне түрік дәуірінің тушы жауынгерлердің қолтаңбасы.

Ескерткіш аталуы

«Тэвш уулын (тауының) ескерткіші»

Табылған жері мен cақтаулы жері

Қазіргі Моңғолия Өвөрханғай аймағы Боғд сұмынынан 20 км шығыста Тэвш тауының қойнауындағы қорғаннан табылған.

Моңғолия Археология институтының лабораториялық қоймасында сақтаулы.

Ескерткіштің сипаттамасы

Сандықтасты қорғаннан табылған.

Қоңыр сұр түсті тұнбатас. Бітіктастың майдалай тегістеген жалпақ бетінде адам сұлбасы іспетті айқын бейне мен таңба қашалған.

Ескерткіш өлшемі

Бесбұрыштау болып келген тұнбастастың өлшемі 0,5х0,47 м. Таңба әріптердің өлшемі 2,5-3 см.

Ғылыми зерттеулері

1949 ж. А.П.Окладников, Н.Сэр-Оджав жетекшілік еткен экспедициясы тапқан 234 . 1974 ж. алғаш рет аталмыш бітіктастағы мәтінді В.М.Наделяев оқып, орыс тіліне аударған және тиянақты түсіндірмелерін берген 235 . 1977 ж. Н.Сэр-Оджав ескерткіштің алғаш табылған кезіндегі жай-күйін жариялады 236 . 1979 ж. С.Харжаубай В.М.Наделяевтің оқыған бір жолына қоса екінші жолды анықтаған 237 . Алайда түпнұсқадағы таңба-әріптерге қарағанда С.Харжаубайдың көшірмесінде күмәнді тұстар бар.

С.Харжаубайдың транскрипциясы:

Tuγčïm urаγačï Yaγïz čur tuγ ötü... - Наш барабанщик, уракшы (клич) Ягыз –чур, бей барабан! ...

Tuγčï bu ... - Наш барабанщик-это ...

В.М.Наделяевтің транскрипциясы

tuγčï borγučï yaγïz čur tuγïraγï

Вариант 1. (Это) тамга знаменщика и трубача Ягыз-чура Вариант 2. (Здесь) знаменщик-трубач Ягыз-чур. (А это) его тамга.

Қосымша мәлімет

  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.154-155.

Толық мәтінді деректер
1.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (1)
2.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (2)
3.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (3)
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.