Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Туваның үшінші ескерткші», «Туваның «Д» құлпытасы»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Елегест өзені орта ағысындағы оң жағалауында Е-52 бітіктастан оңтүстікте 5 шақырымда орнатылған.
Минусинск музейінде сақтаулы, инв № 36.
Ескерткіштің сипаттамасы
көне түрік дәуіріне қатысты
Көкшіл сұр құмдақ тастан жасалынған. 3 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған. Бұғы таста әр түрлі белгі таңбалар қашалынған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі - 1,71 м, ені - 0,43 м, қалыңдығы - 0,25 м.
Ғылыми зерттеулері
1939 ж. алғаш рет Киселев жариялаған. С.Е.Малов, И.А.Батманов, А.И.Кунаа, Д.Д.Васильев, И.В.Комушин зерттеді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.198.