Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Кара-Булун II ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Тува Республикасы Ұлық-Кем өзені Ейлік-Кем ауылы Қара-Бұлын деген жерде орналасқан.
1973 ж.бітіктасты Тува музейіне әкелген.
Ескерткіштің сипаттамасы
Е-65 және Е-66 бітіктастары өзара жақын орналасқан.
Қара жасыл сланец тастан жасалынған. 4 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі – 0,95 м, ені – 0,42-0,64 м, қалыңдығы – 0,15 м.
Ғылыми зерттеулері
1965 ж. Д.А.Грач басқарған экспедициясы тапқан. Мәтіндік зерттеудін алғаш И.А.Батманов, А.Ч.Кунаа 297, И.В.Кормушин жасады 298.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.206.