Тарихи анықтама
Басмыл, қарлұқ этносының атауы кездеседі.
Ескерткіш аталуы
«Шивээтийн чулуун хөшөө (Шивээт тас ескерткіші)», «Бөмбөгөр ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Моңғолия, Баянхонгор аймағы Бөмбөгөр сұмыны оңтүстік-батыста Шивээний хэрэм деген жерде орналасқан. Солтүстік ендік бойынша- 46º07´; шығыс бойлық бойынша- 099º31 ´.
Тас қоршау, қорған, бітіктас табылған орнында.
Ескерткіштің сипаттамасы
Қорған ( шеңбері -22-29 м), бітіктас 1 дана.
Бітіктастағы мәтiнiнің 4 жолы жоғарғы тұсында , одан төмеңгі тұсында 32-34 таңба бәдiзделген.
Ескерткіш өлшемі
Өлшемі: 1,33 х 0,20-0,47 х 0,16-0,20 м.
Ғылыми зерттеулері
2004 жылы Моңғолия ҒА Археология институтының Говь-алтай, Баянхонгор ацмақтарында жүргізілген дала экспедициясы барысында алғаш анықталыyған және фотосуреті мен бітіктастың бет жағындағы 4 жол мәтіннің сызба көшірмесі жарияланған413. Мәтіндік, тілдік зерттеуін моңғол ғалымы Ц.Баттулга414 жасаған.