Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Бегре ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Бай Кемнiң оң ағысы Бегре өзенi Мунгаш Чирик деген жерде орнатылған.
1915 ж. Андрианов Минусинск музейіне әкелінген. ММ, инв № 40
Ескерткіштің сипаттамасы
Көне түрік дәуірінікі.
Сұр сланец тастан жасалынған. Екі қапталы және екі қыры барлығы 13 жол мәтін қашалған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі - 0,51 м, ені - 0,40-0,52 м, қалыңдығы - 0,20-0,27 м.
Ғылыми зерттеулері
1892 ж. Ошурков тапқан. В.В.Радлов, Х.Н.Орхун, С.Е.Малов, И.А.Батманов, Д.Д.Васильев, А.С.Аманжолов және т.б. ғалымдар зерттеді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.178.