Тарихи анықтама
шамамен 808-832 жж
көне түрікше атағы «Ай Тәңіріде Құт болған Алып Білге Тәңірі Ұйғыр қаған»-ға арналып орнатылған бітіктас.
Ескерткіш аталуы
«Хара балгасун ескертіші», «Орду балық 1-ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Арханғай аймағы Хотонт сұмыны ежелгi Түрік Елі мен Ұйғыр қағандығының астанасы Орду-балық ( жергiлiктi халық: Харбалгас «Қара қалашық» деп атайды) қаласының оңтүстiгiнде орналасқан.
Солтүстік ендік бойынша- 47 º23´; шығыс бойлық бойынша- 102º28´.
Бітіктастың айдаһар бейнеленген көне түрік мәтінді үш бөлшегі, соғды, қытай жазулы үш бөлшегі және төбесі іспетті домалақ тас бір дана, екі дана тұғыры іспетті тас орнында. Айдаһар төбесінің бір сынығы Хотон сұмыны мәдени орталығында сақтаулы. Қытай соғды жазулы екі тас бөлшегі Санкт-Петерборда. Басқа құрамдас бөлшектерінің қайда екендігі белгісіз.
Ескерткіштің сипаттамасы
В.В.Радловтың пікірінше бітіктас әуелi арыстан бейнелi тұғырдың үстiнде орнатылған және біітктастың төбесінде алты айдаһар алысқан бейне бедерленген, ол 2х1,8х0,9 м өлшемдi болуы керек. Қазір одан бірнеше сынықтары ғана сақталынған.
Үш тілді көне түрiк, соғды және қытай жазулы мәтіні бар бітіктас ақшыл сұр мәрмәрден жасалынған. Қазір 30 шақты сөзi бар тоғыз дана iрiлi-ұсақты сынық бөлшектері ғана сақталынған.
Ғылыми зерттеулері
1889 ж. Н.М.Ядринцев зерттеген 120 . В.В.Радлов көне түрік мәтіннің алғашқы аудармасын жасап, фотосуреттері мен эстампаждық көшірмелерін жариялады226 . Бұл бітіктас ескерткіш жайында Фин-угор ғылыми кеңесiнiң атласында мағлұмат берілген 227 . Бітіктастағы қытай жазуының бөлшектерін 1897 ж. В.П.Васильев тәржiмелеген. Бітіктастың қапталдарындағы белгісіз жазуы көен соғды жазу екенiн 1909 ж. Ф.Мюллер анықтайды 228 , ал көне соғды мәтінін В.В.Радловтың атласы бойынша 1930 ж. О.Хансен, 1988 ж. Г.Хамилтон, 1990 ж. Йошида Ютака аударды 229 .
1996-1997 ж. Моңғолия-Жапония бірлескен экспедициясы бітіктасты зерттеген 230 . 2001ж., 2004 ж. Қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізген.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.149-151.