Тарихи анықтама
VI-IX ғасыр.
Ескерткіш аталуы
«Хойт Тамир жазулары», «Тайхар жартас жазулары»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Моңғолия, Арханғай аймағы Их-тамир сұмыны Хойт Тамир өзенiнiң шығыс оңтүстiгiндегi 39 м биік Тайхар жартасында жазылған мәтіндер. Солтүстік ендік бойынша- 47º2´; шығыс бойлық бойынша- 101º .
Тайхар жазулары жартастағы орнында. Кейіннен көне жазулардың үстiне өткен жолаушылар алуан түрлi-түсті бояулармен өз аттарын, «строительный трест-3» сияқты шимай-шатпақтарын баттастырып жазып кеткен. Сол себептен көне жазулардың көпшiлiгi сақталып қалды деп айту қиын.
Ескерткіштің сипаттамасы
Бұл жартаста көне түрiк, қыдан, соғды, қытай, көне моңғол, манжұр, араб, тибет және т.б. жазулары қара, қызыл, басқа да түсті «жоса» бояумен жазылған.
Мәтіндер жартастың жалпақ тегістеу жерлерінде жазылған.
Ескерткіш өлшемі
әр түрлі өлшемді.
Ғылыми зерттеулері
Жартастағы жазулар туралы 1893 ж. Д.А.Клеменц хабарлайды. Д.А.Клеменцтiң көшiрмесi бойынша В.В.Радлов 246 , Х.Н.Орхун 247 , С.Е.Малов248 көне түрiк 10 жазуды зерттеген. 1958 ж. Г.И.Рамстедт, И.Г.Грано, П.Аалто 249 бұрыңғы белгiлi көне түрiк он жазудан басқа 16 жазуды қоса барлығы 26 жазуды зерттедi. Сонымен қатар моңғол ғалымдары Х.Пэрлээ, Б.Ринчен тарапынан да жарияланды250 . С.Қаржаубай аталмыш жартаста бұрынғысын қоса есептегенде барлығы 32 көне түрiк мәтін бар екенiн анықтады.
Біз бұл жолы мәтінін Б.Аззаяаға632 сүйеніп беріп отырмыз.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.158-159.