Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Алтын көл ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Оя өзені бойындағы қорғанда орнатылған.
1880 ж. Минусинск музейіне әкелген. ММ, инв № 31
Ескерткіштің сипаттамасы
Көне түрік дәуіріне жатады
Ақшыл сұр құмдақтастан жасалынған. Төбе тұсы кетіліп кеткен. Екі қапталында барлығы 9 жол мәтін қашалған. Таңба қашалған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі - 1,02 м, ені - 0,42-0,44 м, қалыңдығы - 0,39 м.
Ғылыми зерттеулері
1880 ж. табылған. В.В.Радлов, Х.Н.Орхун, С.Е.Малов, О.В.Субракова, И.А.Батманов, И.В.Кормушин және т.б. ғалымдар зерттеген.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.181.