Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Абақан ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Абақан өзені оң жағалауындағы жерде орнатылған.
1913 ж. Минусинск музейіне әкелінген. Инв. № 44
Ескерткіштің сипаттамасы
Сұр құмдақ тастан жасалынған. 16 жол мәтін қашалған. Онда бет қапталында 6 жол, сыртқы бетінде өте өшіңкі 7 жол, екі қапталында 3 жол. Таңба қашалмаған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі - 2,60 м, ені - 0,69-0,75 м, қалыңдығы - 0,19-0,25 м.
Ғылыми зерттеулері
1916 ж. Адрианов тапқан. С.В.Киселев, С.Е.Малов, О.В.Субракова, И.А.Батманов, Д.Д.Васильев, Д.М.Насилов, И.В.Комушин зерттеді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.194.