TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Бөліктер
Таңба
Бітік оқу
Бітіктеу
Сөздік
Мәтін
Кіріспе
Бітік деген не?
Сөз бен атау
Табиғат, қоршаған орта атаулары
Туыстық қарым-қатынасты білдіретін атаулар
Дене мүшелері атаулары
Жан-жануар, аң-құс атаулары
Үй,құрылыс атаулары
Қазба байлық атаулары
Әлеуметтік атаулар
Сын-сапа атаулары
Сан атаулары
Әскери құрылым мен жасақтардың сандық көрсеткіштері
Қағандық саяси-әскери билік жүйесінің негізгі тұлғалары
Қазақ тіліндегі ескерткіш мәтіндері
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Әлеуметтік атаулар
tyri [teηiri] Тәңірі Kisi [kisi] кісі jir [yer] жер
Көне түрік таным түсінігі бойынша «1.Тәңірі-2.Кісі-3.Жер» үш қырының ең бірінші тұратын үстем қыры. Тәңірі – субстанциялық ұғым. Ол тотемдік, фетишизмдік, мифологиялық және де құдай, пайғамбарлық ұғым емес. Түріктердің түсінігінде Тәңірі - «көк аспан кеңістігі, шаңырақтай үстіміздегі әлем, дөңгелек, жарықты жоғарғы күмбез». Бір сөзбен айтқанда, Тәңірі деген жерге қарама- қарсы көк аспан кеңістігі деген ең негізгі ұғымды білдіреді.
Суретте Дэл уул жартастағы сурет. Суреттің жанындағы бітік Тәңірі деген сөзбен басталып тұр.
Тәңірі деген сөз көк Тәңірі, Тәңірі күш бергені үшін, Тәңірі білге, Тәңірі Ұмай, Тәңірі қан, Тәңірі жарылқадық, Түрік Тәңірісі, Тәңірі төбесінде деген сияқты сөздерде кездеседі.
turq [türik] түрік.
Түрік елінің азаматтары. Алтын тамған тархан ескерткішіндегі бірінші бітіктастың (А1) оңтүстік бетiнде бөрік (қалпақ) киген, қолдарына аяқ ұстаған үш адамның қошқар оюлы сырмақ үстіндегі отырысы тасқа бедерленіп көркем бейнеленген. Ортадағы кiсi малдас құрып, сол қолымен белдiгiн ұстап отыр (ағасы мен екі інісі - түріктер). Сол жақ тұсындағы кiсiнiң қалпақ үстiнде құс бейнесi мен Ашына тектiлердiң таңбасы қашалған.
Бұл сөз ескерткіштерде Түрік бүтін (халқы) деп көп кездеседі. Кейбір кезде turK немесе turX деп жазылған.
QGN [qaγan] қаған
Көшпелілердегі ең жоғарғы билік лауазымның атауы. Көшпелі этностардың ең шағын рудан бастап үлкен тайпа, ірі-ірі одақтар көсемдерінің ұлығы, “хандардың ханы”. Байырғы түрік тілінде * qan +*qan > qanqan > qaŋgan > qaγan тұлғасында дамыған.
QGNG [qaγanïγ] қағанға, QGNLG [qaγanlïγ] қағандық болып кездеседі.
Білікті қаған, жабайы қаған деген сияқты сөздер, оған қоса Қырғыз қаған, Білге қаған, Бұмын қаған деген сияқты атаулар бар.
YDpiT [šad apït] шад-апыт
JBGU YD [Jabγu : Šad] йабғұ, шад
Қағаннан кейінгі билікті «йабғұ», одан кейін «шад» біліп, қызмет атқарған.
BUDN [büdïn] бүтін, халық
BUDNG[büdïnïγ] бүтінге, BUDNi [büdïnï] бүтіні болып көп кездеседі.
Түрік бүтін, Қырғыз бүтін, Табғач бүтін, Түргеш бүтін деген сияқты халық атауына қосылып айтылады.
l [el] ел
1) Ел, халық, жұрт, қауым. 2) Өскен орта, туған жер, ауыл-аймақ, ел-жұрт. 3) Шыққан тек, негіз, заты, ру.
lya [eliηe] еліңе, turXli [turik eli] Түрік елі болып кездеседі.
Мұндайда қарттар оңай жол табады. «Қай елсің, руың кім, кімнің баласысың» деп, бастан бақайшағыңа дейін талдайтын әдеті (Ә. Н ә б и е в, Ш о л п а н).
Сондай-ақ, Ел етміш, Ел білге деген сияқты сөздерде қолданылады.
KuK [kök] көк
1) Кәдімгі көк түс. 2) Аспан. 3) Жоғары, биік.
Бұл сөзді көк тәңірі, көк тәңірі жарылқады, көк түрік деген сөздерде кездестіреміз.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.