TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Бөліктер
Таңба
Бітік оқу
Бітіктеу
Сөздік
Мәтін
Кіріспе
Бітік деген не?
Сөз бен атау
Табиғат, қоршаған орта атаулары
Туыстық қарым-қатынасты білдіретін атаулар
Дене мүшелері атаулары
Жан-жануар, аң-құс атаулары
Үй,құрылыс атаулары
Қазба байлық атаулары
Әлеуметтік атаулар
Сын-сапа атаулары
Сан атаулары
Әскери құрылым мен жасақтардың сандық көрсеткіштері
Қағандық саяси-әскери билік жүйесінің негізгі тұлғалары
Қазақ тіліндегі ескерткіш мәтіндері
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
 Көне түрік ескерткіш мәтіндері
1. Күлтегін бітіктасының мәтіні
2. Білге қаған бітіктасының мәтіні
3. Тұнық-ұқ бітіктасының мәтіні
4. Ел етміш (Білге атачым) Йабғұ бітіктасының мәтіні

Білге қаған бітіктасының I-бетіндегі мәтіні

( I. 1-41 жол)


Тәңірiтек Тәңірi жаратқан
Түрiк Бiлге қаған сөзім.
Әкем Түрік Білге қаған бұл шақта отырдым
сонда енді ......тысы ер
Тоғыз Оғыз, екі Едіз кер күлік -атақты? ( киіз керегелі?)
бектерi халық................................
Түрік Тәңірі............................
Жоғарыда қаған отырдым, сөйтіп
Отырған кездімде өлермендей қайғырған
Түрік бектері , халқы иіліп, сүйініп, толықсыды.

Көзі ашылып, еңсесі көтерілді.
Бұл шақта өзім отырып бұнша
ауыр төрелікті төрт тараптағы халықты .... еттім

Үсті көк Тәңірі
асты нығыз (қоңыр) Жерқылынғанында (жаралғанда)
екі ара кісіұлықылынды (жаралды)

Жоғарыда Көк Тәңірі,
Төменде қоңыр Жер жаратылғанда
Екеуінің арасында адам баласы жаратылды.
Адам баласын билеп ата-бабам Бұмын қаған, Естемі қаған отырды.
Олар билік етіп
Түрік халқының Елдігін, төрелігін ұстай білді, жетілдіре білді.
Төрт тараптағылар барлығы жау болған еді, оларға найзалы әскер аттандырып
төрт тарап барлық халықты бағындырды, барлығын тыныш етті.

Басы барлардың басын игізді,
Тізесі барлардың тізесін бүктірді.

Күншығысқа Қадырқан- тау орманға дейін,
Күнбатысқа Темір Қақпаға дейін жорытқан еді.
Осы екі аралығында иесіз, биліксіз жүрген
Көк Түріктер отырған еді.

Білікті қаған еді. Ұлы алып қаған еді.
Бұйрықтары (бұйрық орындаушылары) да білікті еді. Олар да алып еді.

Бектері де, халқы да түзу адал еді.
Сондықтан Елді осылайша басқара білген еді.
Елді басқарып, Төрелік билік орнатты.
(Ол бекзаттар) жоғарыға (Тәңіріге ұшты ) қайтыс болды.
(Оларды) жоқтаушы, жылап сықтаушылар
Күншығыстан Бөклі Шөлді елінен (Корея түбегінен)
Табғач-қытайдан, Аварлардан, Римнан,

Қырғыздан, Үш Құрықаннан
Отыз Татардан, Қытаңнан, Татабылардан
Осыншама халықтан (өкілдері) келіп
жоқтауға, аза тұтуға қатысты.

Олар атақты қаған еді.
Олардан кейінгі інілері қаған
болған еді.
Ұлдары да қаған болған еді.

Сонда інілері атасындай жаратылмады,
Ұлдары әкесіндей жаратылмаған еді.

Біліксіз қаған болып отырған екен.
Қорқақ қаған болып отырған екен.
Бұйрық орындаушылары да біліксіз, қорқақ болған екен.
Бектері және халқы да адалсыздықпен жүрді.
Қытайларға басындырып,
Оларға арбалғандығы үшін
інілі әкелі кектесіп жауласып,
текті бек мықты халықты тоздырып,
Түрік барлық халықты бытыратып,
Елін бұзып, елдігінен айырып,
Қағандықты орнатқан қағандарын жойды.
Қытайларға
Бек мықты ұлдарың құл болды,
сұлу қыздарың күң болды.

Түрік бектері Түрік атын ұмытып,
Қытайсымақ бектер болып,
Қытай аттарын ала бастады,
Қытай патшасына бағынды,
елу жыл қытайға ісін күшін берді, қызмет етті.

Күншығысқа қарай
Бөклі қағанға дейін соғысты.
Батысқа қарай
Темір Қақпаға дейін соғысты.

Қытай патшасына
Елін, төрелігін билетті.
Түрік қалың халық
сонда бүй деген екен:
« Елді халық едім.
Елім енді қайда?
Елімді кімге берермін?
Қағанды халық едім.
Қағаным енді қайда?
Қай қағанға ісімді, күшімді берермін?» деген екен.
Сөйтіп, Қытай патшасына жау болды.
Жау болып, қарсы көтеріліп,
тағы да бағынды, құрып бара жатты.
Осыншама ісін, күшін бергеннен бері түсінбеді, сақтанбады
Түрік барлық халық азып тозып, ұрпақсыз болып жойыла бастады.
Сонда жоғарыдағы
Түріктің Тәңірісі, Түріктің киелі Жер-суы бүй деген екен:
«Түрік барлық халық жоқ болмасын деп, халық болсын деп»

Әкем Елтеріс қағанды
Шешем Елбілге қатұнды
Тәңірі төбесіне көтеріп,
жоғары таққа отырғызған еді.
Әкем қаған он жеті батыр ерді жинады,
жорыққа аттанды деп күллісі естіп,
қаладағылар далаға беттеді,
таудағылар таудан түсіп,
жиналып жетпіс батыр ер болды.
Тәңірі күш-қуат берді,
әкем қаған жауынгерлері
бөрі-қасқырдай болды,
жаулары қойдай болды,

ілгері, кері соғысып жиналғаны
жеті жүз ер болды.
Жеті жүз ер болып
елсіреген, қағансыраған халықты
күңденген, құлданған халықты

Түрік төрелігі, азып-тозған халықты
Ата-бабамның төрелігіндей етіп жаратты жасақтады.

Төлес, Тардұш деген екі қанат халықты сонда орнатты. (Ол екеуін)
Йабғұ, Шад деген екі билікке берді.

Оңтүстіктегі Қытай халқы жауымыз еді.
Солтүстіктегі Баз қаған билеген Тоғұз Оғыз халқы да жау еді.

Қырғыз, Құрықан, Отыз Татар, Қытаң,
Татабы бәрі де жау еді.
Әкем қаған бұнша.......
қырық жетіден астам жорық жасады,
жиырма рет соғысты.

Тәңірі жарылқап,
Елдікті ел етіп орнатты,
қағандықты қаған етіп орнатты.

жауды басып, тыныш етті,
тізесі барлардың тізесін бүктірді,
басы барлардың басын игізді.

әкем қаған..................................................
төрелікті қалпына келтіріп, (Тәңіріге) қайтыс болды.
Әкем қағанға арналған балбалдарды (тас тізбектерді)
Баз қағандікінен бастап тікті.

Ол төреліктің үстінде атам қаған отырды.
Атам қаған отырып
Түрік халықты
барынша жақсы жетілдірді,
кедейді бай етті, азды көп етті,
Әкем қаған отырғанда
өзім Тардұш қанат халқына шад болған едім.
Әкем қағанмен бірлесе

Оңтүстікке қарай Жасыл өзен (Сары өзен-Хуанхэ) Шантұң жазығына дейін соғыстық,
күнбатысқа қарай Темір Қақпаға дейін жорық жасадық.

Көгмен (Саян) тауын асып Қырғыз жеріне дейін жорық жасадық.
Барлығы жиырма бес рет жорық жасадық. Он үш рет соғыстық.

Елдікті ел етіп орнаттық,
Қағандықты қаған етіп сайладық,

тізесі барлардың тізесін бүктірді,
басы барлардың басын игізді.

Түргеш қаған
өз түрігіміз , өз халқымыз еді, олар білмегендіктен,
бізді «жау» деп жаңылғандықтан қағаны өлді.
Бұйрық орындаушлары мен бектері де өлді.
Он-оқ халқы қиыншылық көрді.
«Ата-бабамыз мекен еткен, билік еткен
Жер-Су иесіз болмасын» деп,
аз халықты жинап....................................
... Барысбек еді.

(Оған) қаған атағын, сонда біз бердік,
Сіңлімді ханшайымымызды, біз бердік.

Тақтағы қағаны жаңылып, өлді, халқы да күң, құл болды.

Көгмен жер-суы иесіз қалмасын деп,
Аз Қырғыз халықты
жарат...........................................
жаңа(дан) біз бердік.

Күншығысқа қарай Қадырқан-тау орманын асып
халықты соншама мекен еттік, соншама орнаттық.
Күнбатысқа қарай Кеңү-Тарманға дейін
Түрік халқын соншама мекен еттік, соншама орнаттық біз.

Ол кездерде құл құлдықта болған,
күң күңдікте болған еді.
інісі атасын білмеуші еді,
ұлы әкесін білмеуші еді.
Сонша тыныш еткен еліміз төрелігіміз бар еді.

Түрік Оғыз бектері халқы естіңдер!
Жоғарыда Тәңірі баспаса
Төменде Жер айырылмаса

Түрік халқының Елін, төрелігін
кім бұзар....
/.........Түрік халық .........../
Өкін! Жиналғанын үшін
Білікті қаған болған еді.

Игі Елің өзі жаңылды,
Қорқақ куыстай болды енді,

Қарулы қайдан келіп, тағы да басынды,
Найзалы қайдан келіп, шанышып өтті,

Ұйық Өтүкен жері / түрік/... халық мекен еттің
Күншығысқа қарай жеткенінше
жеттіңдер,
Күнбатысқа қарай жеткенінше жеттіңдер,
Жеткен жерінде игілік болды ма?

Қандарың суша ақты
Сүйектерің тауша үйілді

Бектік ұлдарың құл болды
Сұлу қыздарың күң болды

Білместіктен , қорқақтықтан болар!
Атам қаған қайтыс болды.
...бас етіп,
Қырғыз қағандікінен балбал тікдім.

Түрік халықының
ат-атағы жоқ болмасын деп,
әкем қағанды
шешем қатұнды таққа көтердік.

Тәңірі Ел беруші
Тәңірі Түрік халқының
Ат-атағы жоқ болмасын деп,

/өзіміз ол Тәңірі .../
қаған отырғызған еді.
Мықты халыққа ие болып отырмадым

Ішінде ас-тамақсыз (қарны аш)
Сыртында тон-киімсіз (киімі жоқ)
Жабайы, қорқақ халық кезінде таққа отырдым.

Інім Күлтегінмен бірге сөзге бекідік.
Әкеміз атамыз орнатқан
Халықтың ат-атағы жоқ болмасын деп

Түрік халқы үшін
Түнде ұйықсыз жорыттым
Күндіз күлкісіз жорыттым

Інім Күлтегінмен бірге
екі шад бірлесе отырып,
өліп-тіріліп елдікті орнаттық.

Сонша орнатып
біріккен халықты от-судай қас етпедік.
/мен....................жер жерден / бар еді.
Халық өлі-жітіп жаяу-жалаңқай тағы да келді
халықты игі етейін деп

солтүстіктегі Оғыз халыққа қарай
күншығыста Қытаң, Татабы халыққа қарай
оңтүстіктегі Қытайға қарай

ұлы жорық он екі реті жасадым, соғыстым.
Содан Тәңірі жарылқап
құтым бар үшін
үлесім бар үшін

өлермен халықты тірілтіп жеткіздім
жалаңаш тозған халықты тонды
кедей халықты бай қылдым
аз халықты көп қылдым
ығы-жығы (абыр-сабыр) Елдікті қағандыққа жеткіздім.
төрт тараптағы халықты көп тыныштық еттім
жаусыз қылдым, көпшілігі маған бағынды
Он үш жасымда
Таңғытқа қарай соғыстым
Таңғыт халықты бұздым
Ұлын, жұбайын, жылқысын барлығын сонда алдым

Он сегіз жасымда
Алты Чұб Соғды..............................

аз бүтін (халық)ты өңшең көп қылдым

ығыр Елдікте ығыр қағандықта жетік қылдым
төрт бұрыштағы
бүтін (халық)дыкөп басым қылдым
жаусыз қылдым

көп маған күллі қарайтын еді
Соғыстым, халқын сонда бұздым.
Қытайдан Он Тұтық басқарған бес түмен әскер келді
Ыдұқ-басында соғыстық.
Ол әскерді сонда жоқ қылдым.

Жиырма жасымда
Басмыл Ыдұқ атты руым халқым еді
Шашылып кетпесін деп жорық жасадым.
Қ..............ішке ендірдім
Қалың киіз үйге келтірдім.

Жиырма екі жасымда
Қытайға қарай жорық жасадым
Чача-сеңгүн басқарған сегіз түмен әскермен соғыстым. Әскерін сонда өлтірдім.
Жиырма алыт жасымда
Чек халқы Қырғызбен қосылып жау болды.
Кем өзен кеше жорық жасадым.
Чектерге қарай жорық жасадым.

Өрпен деген жерде соғыстық, әскерін найзалап шанышдым
Аз..............м.................
Жиырма жеті жасымда
Қырғызға қарай жорық жасадым
Сүңгі-найза батар
қарды сөгіп.
Көгмен тауын айнала жорытып

Қырғыз халқын ұтқылай (қуып) бастым.
Қағанымен Сұңға тауында соғыстым.
Қағанын өлтірдім.
Елін сонда алдым

Ол жылы Түргешке қарай
Алтын тауын асып өтіп,
Ертіс өзенді кешіп өтіп жорыттым.
Түргеш халықын ұтқылай (қуып) басдым.
Түргеш қаған әскері отша боранша келді.
Болчұ деген жерде соғыстық.
Қағанын, йабғұсын, шадын
сонда өлтірдім. Елін сонда алдым.

Отыз жасымда
Бесбалыққа қарай соғыстым.
Алты жолы соғыстым.............
Әскерін көп өлтірдім

Сонда ішкі ордалық бір кісіден..............
жоқ боладысы еді. Кісі.....ұққалы келді
ұстап алдым .

Бесбалық сол үшін аман қалды.
Отыз
бір жасымда

Қарлұқ халқы мұңсыз жайылып жүріп ерікті жау болды.
Тамағ Ыдұқ басында соғыстым.

Қарлұқ халықты жойдым.
Сонда алдым .............дым
Басмыл .......игі....Қарлұқ халық жиналып келді.
.......................................................
Найзамен шанышқыладым, жойдым.

Тоғыз Оғыз менің халқым еді.
Тәңірі Жерді (танымай) адасқаны үшін
өті........................?
нақты тигендері үшін жау болды.

Бір жылда төрт жолы соғыстым.
Ең әуелі Тоғұ Балық деген жерде соғыстым.
Тоғұла (Туыл) өзенді жүзіп кешіп әскері келді.

Екінші жолы Антарғұ деген жерде соғыстым.
әскерін найзамен шанышдым.

Үшінші ..................... соғыстым.

Түрік халқы барынша теке тіресті,
қорқынышты әлсіз
болды. Үсті үстінен келуші әскерді төктім.
Көп өлді сонда (қайта) жиналып

Сонда Тоңыра Йылпағұт бір руды Тоңа тегін жоқтауын.........
иіре қоршадым.

Төртінші Езгенті Қадыз деген жерде соғыстым.
Әскерін сонда шанышдым, жайпыраттым.
.................барлығын.........................ма.............
Мағы Қорған қыстауында жұт болды.
Жазда
Оғызға қарай жорық жасадым.
Ілкі әскері тасып келген еді.
Екінші әскенрі үйінде еді.

Үш Оғыз әскері баса келді.
Жаяу әлсіз болды деп алғалы келді.

Сыңарәскері (бір бөлек қолы) үйді барықты (барлығын)
жұлғалы жетті.
Сыңар әскері (бір бөлек қолы) соғысуға келді.
Біз аз едік, әлсіз едік
Оғыз...............................жау.....................
күш берген үшін сонда шанышдым.
Жеңдім.
Тәңірі жарылқағаны үшін.
мен иелік еткен үшін
Түрік халық..........ген екен
мен інілікпен бұнша
бастап иелік еттім.

Түрік халық өлермен еді
жоқ боларман еді
...............бектер сақтанып, сонша біліңдер!
Оғыз халық..............................
қумай жорық жасадым.
Киіз үйін барықын бұздым.

Оғыз халық
Тоғыз Татар бірлесе жиналып келді
Ағұ деген жерде екі ірі соғыстым.

Әскерін бұздым.
Елін сонда алдым.
Сонша иемденіп ................

Тәңірі жарылқағаны үшін
Мен отыз үш жасымда
..................... ..............жоқ еді
өтерлік .....күш
жинаған қаған жаңылды.

Жоғары Тәңірі
Ыдұқ Жер Су (Ұйық жер су) астында
қаған құты табынбады деп


Тоғыз Оғыз халық жерін суын тастап

Қытайға қарай бкетті.
Қытай халқы бұ жерге келді.
жинайын дейін................................
..................................халықты
жазықданды......................бергі

Қытайда аты көсегесі жоқ болды.
Бұ жер де маған қарасты болды.

Мен өзім қаған отырғандығым үшін
Түрік халықты.................қылмадым

.................жерде иеленіп Ыды басында жиналып

ж...........................................................................
............соғыстым
Әскерін шанышдым.
Ішіне енушісі ішке енді.
Халық болды.
Өлушісі өлді.

Селеңге өзенге қарай жорытып
Қараған қыстап біз барығын (үй мүлкін)
сонда бұздық.
.....................тауға қарай келді.
Ұйғыр Елбетер
жүздей батыр-ерін ілгері.................................
..............................
Түрік халық аш еді
Ол жылқыны алып тараттым.

Отыз төрт жасымда
Оғыз кетіп, Қытайға қарай кірді, өкініп
соғыстым.

сұғын..........ұлын жатынын сонда алдым
екі Елтеберді халық
.................................................................... ................................................................
..................................Татабы халық,
Қытай қағанға қарасты болды.

Әлсіздігі көп, жақсы қолы өтіп болмас деп
жаяу соғыстым.
Халықты сонда бұздым.

жыл................................әскері жиналып келді.

Қадырқан тауында құ.................................................. ..........................................
........................................ғанына
суға қарай қонды.
Бергі Қарлұқ халыққа қарай соғыс деп
Тұдұн Йамтар жетіп барды.
.......................................................................
Елтебер жоқ болды.
Інісі бір кері ............
..........................................
..............................................
............................көш келмеді
оны сонша тұтамын? деп жорық жасадым.

Кері қарай екі үш кісілігін
ұстап келді.

Қара халық қаған келді деп
.................................................................
ат бердім кіші атты.......................................
..................................

Білге қаған бітіктасының II қапталындағы мәтіні

(II. 1-17 жол )



................................өңді жоғары әскер жорытып
Күні-түні жеті мерзім сусыз кештім.
Чұрыққа жетіп
жол................................................................
.......................................................................
.......................Қытай
атты әскері бір түменнен көп,
жеті мың әскерін ілкі күн өлтірдім.
жаяу әскерін екінші күн көп.......................................
......................... жорық жасадым.
Отыз сегіз жасымда
Қыста Қытаңға қарай жорық жасадық. .................................. ...................................
мен..........................өлтірдім ұлын
жатынын, жылқысын, барлығын
............................................................................
...................................................................................
бүтін (халық)....................................................................
............................................................................
............................................................................
.............................................................................
............
жор ............................................................
сүңгі.........................................................
...................................................................
.................................................................. үшін
бердім алып батыр-ерді
балбал қадап бердім.

Елу жасымда
Татабы халық, Қытаңда
айырыл......................................................................... ........................................................................
Ұқұғ-сеңгүн бастаған төрт түмен әскер келді.

Түңкер тауда жетіп қоршадым.
Үш түмен әскер.....................................................
.........................................................................
.......................................................................................
өлтірді.
Үлкен ұлым ауырып жоқ болса,
Ұқұғ-сеңгүнге балбал қадап бердім.
Мен он тоғыз жасымда отырдым.

Он тоғыз жыл қаған отырдым.
Ел тұтдым

Отыз бір жасымда ...................................

.............................................................................
...................................................................................
Түріктеріме, халқыма жинай сонша иеленіп бердім.
Бұнша иеленіп

әкем қаған ит жыл оныншы ай
жиырма алты отызқа таяу ұша барды (қайтыс болды)

Лағзын (доңыз) жыл бірінші ай жиырма жетісінде
жоқтауын өткіздім Бұқұғ Тұтұқ
............................................................................
Ағайыны Лі Сүн, Тай Сеңгүн
Бастаған бес жүз ері келді.
әсемдік?. ..................................
алтын, күміс, керексіз /сансыз/ әкелді.
Жоқтауын жапырылып келтіріп, тігіп берді.
Чынтан (ырғай, жұпар терек) ағаш келтіріп
өз жарас.................................................................
бұнша халық шашын, құлағын
бет жағын пышақпен сызды.

Игі өзіндік атын
Қара кісін (қызметшілерін)
Көк тиынын? сансыз көп

құт..................................................................
...................................................................................
Тәңірiтек Тәңірi жаратқан
Түрiк Бiлге қаған сап-сөзім

әкем Түрік Білге /қаған/
отырғанында

Түрік ендігі бектер.
кейінгі Тардұш бектер
Күлі-Чұр бастаған
Шад апыт бектер

өңірге Төлес бектер
Апа Тархан.........................................
Бастаған кейінгі
Шад апыт бектер
Бұйрық............................................
Тамған Тархан
Тұнйұқұқ Бойла Баға Тархан
Одан кейінгі
Бұйрық................................
Іш Бұйрық Себек Күл Еркін
Бастаған кейінгі
Бұйрық
Бұнша ендігі бектер әкем ерекше
..............................................................................
ерекше ете мақтау.......................

Түрік бектердің халқын ерекше
ете мақтау етті ........

әкем қаған .......................ша
ауыр тасын жоқтауын

Түрік бектер халық)ете
.............................еді өзіме бұнша
................................................................................
...........қаған...............Йолықтегін бітідім (жаздым)
бұнша барықты , бәдізін , ұзұғ.......................

қаған аталығы Йолықтегін мен
ай артық төрт күн отырып
бітікледім бәдіздедім (жаздым, қашадым)

Білге қаған бітіктасының III қапталындағы мәтіні

(III. 1-15 жол )


Тәңірiтек Тәңірiден болған
Түрiк Бiлге қаған

бұ шаққа отырдым,
сап сөзiмдi түгел есiтіңдер, иiліңдер !
кейінгі iнiшектерім, ұлым,
бiрiккен оқ-руым, халқым!

бергi (оң қол) шад апыт бектер
арғы (сол қол) тархат бұйрық бектер

Отыз ..............
Тоғыз Оғыз бектерi халқы!
бұл сап сөзімді
игiлікпен есiт !
қатты тыңда !

ілгерi (алдыға) күн шығысқа
бергi (оң жақ ) күн ортасына (оңтүстікке қарай)

керi жаққа қарай күн батысына
арғы (сол қол ) жаққа қарай түн ортасына (солтүстікке)
cонда (осы) iшіндеіг халықтың бәрі
маған тобымен ерген, осынша халық!
бәрін көп еттiм,
осы сөздерімде қателік (аңқаулық) жоқ !
Түрiк қаған Өтүкен тауында
отырса, Елде мұң жоқ

Шығысқа Шаңтұң жазығына дейін жорық жасадым. Теңiзге сәл жетпедім.

Оңтүстікке Тоғыз Ерсенке дейін жорық жасадым.
Тибетке сәл жетпедім.

Батысқа Йенчү (Iнжу) өзендi

кешіп, Темiр Қақпаға дейін жорық жасадым.

Солтүстікке Жер Байырқұ жерiне
дейін жорық жасадым. Мұнша жерге дейін жорыттым.

Өтүкен тауында жақсы иесi жоқ екен
Ел тұтар жер Өтүкен тауы екен

бұ жерде отырып,
Қытай халқын да
жөнге келтірдім.

Алтын, күмiс, арақ, асыл затты шексiз
сонша беріп жатқан қытай халқының
сөзі сүйкімді
жібегі жұмсақ екен.

Сүйкімді сөзімен, жұмсақ жібегімен арбап
Алыстағы халықты сонша үйір етіп тартар екен.

Жақын қоныстанған соң ,
Аңқау адамды өзіне сонша үйір етеді екен.
Игi бiлiктi кiсiні, игi алып кiсiнi жолаттырмайды екен.

Бiр кiсiні жаңылдырып руына, халқына тіпті бесігіне дейін құртып жояды екен.

(Қытайдың ) сүйкiмдi сөзi, жұмсақ жібегіне арбалып , барлық Түрiк халқы өлдің!

Түрiк халық өлмес үшін
Оңтүстікте Шұғай тауы Түгелтен
жазығына қонайын десер

Түрiк халқын өлермендей етіп
Аңқау кiсiні сонша азғырар екен !

«Жырақ алыс болсаң жаман жібек берер,
Жақын болсаң жақсы жібек берер»

деп сонша азғырған екен.
Білік білмес кісі ол сөзге еріп, жақындап барып бәрі өлді.
ол жерге қарай барса

Түрік халық өлерсің
Өтүкен жерінде отырып

Олай-бұлай кенеліп жүрсең мұңын жоқ ғой!
Өтүкен тауында отырсаң
мәңгі Ел ұстап отырушы едің!

Түрік халқы , тоқ таза болыпсың!
аштық тоқтықты ойланбассың!
бір тойсаң аштықты ойланбассың!

соншалықтығын
үшін игі еткен

қағанның сөзін алмадың!
Жер-сай салаға кете бардың!
көп сонда арыдық , шаршадық!

сонда қалғаны Жер-сай салаға көп тұрып
өлі-жіті халге жеттің!

Тәнірі жарылқадығын үшін
өзім құтым бар үшін қаған (тағына) отырдым.

Қаған болып
Жоқ шығай халқты көп өзгерттім.

Шығай-кедей халықты бай қылдым
Қандай халықты ұлғайтып көбейттім.

Айтар бір ауыз бұл сап-сөзімде игі бар ғой!
Түрік бектер халық бұны естіңдер!


Түрік халқын жинап теріп,
Ел тұтсақ деп оны бұнда тасқа ұрдым .
Жаңылып өлерсің ! және
мұнда ұрдым
Қандай сөзім болса мәңгі тасқа ұрдым!

Содан көре біліңдер!
Түрік ендігі халқы, бектері !

Қаған әкем қаған отырғанында
төрт тараптағы халықты бұнша еттім, бұнша жараттым.
Тәңірі жарылқағаны үшін
өзім қаған отырғанымда төрт тараптағыларды жинадым, жараттым.....................

қылдым.
Мен Түргеш қағанға қызымды бердім.
Ер теңі (?) ұлық төрелігін алып бердім.
Түрі..........................................................
...................................................................
Қыздың ер теңі (?) ұлық төрелігін ұлыма алып бердім.
Тү.....................ертіп ұлық төрелігін алып бердім
.........................................................................
өткізгенім.......................................................

басы бардың басын игіздім
тізесі бардың тізесін бүктірдім

Жоғарыда Тәңірі , төменде Жер
Жарылқағаны үшін
көзі көрмеген
құлағы естімеген халқымды

ілгері күн тумысына
бергі жаққа Таб.......................қа..............
кері......................
ары .......................
..тын...................
өрелі ақ күмісін
оюлы жібекті матасын
егіншілік қышқылдысын (арағын)
өзлек (жүйрік мықты ) жылқысын, айғырын
қара кісін
...................................................................
көк тиыннын
Түрікіме халқыма
Иелеп бердім
ете бердім.......................
мұңсыз қылдым.
Жоғарыда Тәңірі ерікті.................
..халық...................түмен...............
..................................................................
..............................................рін....................
. халық..................
..игі ет , бейнет болма, толғанбай отырғыздым
Түрік бектер Түрік халқым ..............
.....бердім............................................
тасты................. иеленіп
байлық бұ қағанында бектерін...........Түрік...................................................
мені
игі көргейсің, үйіңе кіргейсің мұңсыз болғайсың.............................
........................................................................
кері кейін қытай қағаннан
бәдізші келтірдім............сап-сөзімді сындырмады (өзгертпеді)
...............ішкі бәдізшіні етті
әсем тасты барықты жараттым.
ішін сыртында айшықты барық ұрғыздым.
.......................................................
Он оқ ұлына жатыңа дейін
мұны көре біліңдер! тас тоқытдым ..........................
.................жерде...............
................................................................
............................................................................

Қытай мәтінді бетіндегі түрік бітік мәтіні

(IV. 1-7)

Қазіргі қазақ тiлiнде сөзбе-сөз
........................................үсті.......................
Білге қаған..................................................
жаз болса....................................................
?................................еді.................
тауда сиын десе.......................................
сағынармын әкем.............................
тасын өзім қаған.......................................



Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.