|
Көне түрік ескерткіш мәтіндері |
|
Ел етміш йабғұ бітіктасының мәтіні
Атамыз үлкенiмiз Йамы қаған төрт тарапты иеленді, қаған көтерілді, жиды, жаулады, басты.
Ол қаған жоқ болғанда (қайтыс болғанда)
Одан кейін Ел жетiмсiредi, оның iшкi ордасы бүлiндi, халық қашып бытырады.
Қаған еткен қағанын да, оның iшкi ордасы да бүлiндi.
Түрiк халқы
Ілгері күн шығысқа ,
Кері күн батысқа дейін
Оң жаққа –оңтүстікке табғач-қытайларға
Сол жаққа: жайсаң.. қа дейін...
Алып батыр-ерге арналған балбалын қадады.
Түрiк халқының аты жоқ бола бастады.
Түрiк халқы жетiмсiремесiн деп
Жол-жөнекей жем болмасын деп
Жоғарғы Тәңірi деген /екен………../
Қапаған (Қабаған) Елтерiс қаған билеген
Елiнде қызмет еттiм.
Ел Етмiш йабғұдың ұлы
Есбара тамған-чұр Йоға,
Iнiсi Бiлге Есбара тамған тархан,
жиналған алпыс бес атам Атачым ...
Бұл қытайдан
арғы солтүстікте ат көлiктi алыста Оғұз арасында
жетi батыр ер жауы болды.
Ағайыным Баға Тәңірiкен Ейен
сонда жорыққа қатысты.
Iсiн- күшiн аямай берген екен………
Тәңірiкенге iсiн бердi деп, (қағаннан бұйрық) жарылқанды.
Шад атағын сонда бергенде
Тоғыз-Оғұз ат көлiктi жау едi.
бедкү(ұсақ)едi ...
Тәңiрікен жорық……….
Әлсіз болған бiз азды көпке санағандай
Соғысамыз деген екен.
Сонда бектерiме бүй деген екен.
Бiз азбыз деп, шошынып қорқар
болмас: ……….
Ағайыным шад сонша өтiндi.
Тәңрiкен алмасын деп
…………халық
сонда бермесiне ат ес (?)бол……………
Қамұқ (барлық?) балыққа (қалаға) жеттім.
Бағындырдым, алдым.
Әскери келді. Түбіне жетіп жауладым:
Бегi қашты... едi.
Қытай халық…..аттандым, жауладым, бастым ……быт-шыты шыққанша бұзылғанша
жеткіздім..
екеуiнiң арасында ат көлiктi жау болды.
Тегiм атамның деп сақтандым (есейдiм).
Тәңірi Бiлге қағанға сақтап,
ісімді, күшiмді берсем деп бар болайын
деп, ойландым.
үшiн: …………….жауладым:
берiк мықты шаптым, ұрыс соғыс қылып:
шауып, iнiме, ұлыма, сонша өтiндiм:
Кеңес айтып...
Елтерiс қағаннан айрылмадық, жаңылмадық
Тәңірi Бiлге қағаннан
Айрылмайық, азбайық деп
сонша өтiндiм.
Керi жеткенше жеттік.
Білге қағанның халқы……... барды.
өлермен аттай, iсiн-күшiнбердi:
Жоғары Тәңірі хан
Ұлу жылы, жетiншi ай
күшті алып қағанымнан
айырылып қалдық.
Бiлге Атачымның жоқтауын
Қазынасын тыныш еттім.
Су жер Тәңірi шақ …………..ч екi етер.
Атачымға бiтiгтасын [Бiтiг/ле/дiм(жаздым)]: мәңгi(лiк) [қағаны]м Атачым
Бiлге Атачым ұлу
Жылы бiлiктi ұлық алып батыр ер
Игi хан Атачым өлдi.
Балбал тастағы мәтін
Есбара Тарқанның (қойған) балбалы (тасы)
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|