Ескерткіш аталуы
«Қола айнадағы қолтаңба»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе қаласы Елек өзенi бойындағы ежелгі көшпелілердің қорғанынан («III қорған») табылған.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі. КП № 22425
Ескерткіштің сипаттамасы
Қола айнаның жиегiнде дөңгелене үшкiр темiр затпен 1 жол мәтін жазылған.
11 таңба (?)
Ескерткіш өлшемі
Қола айнаның шеңберi 17,1 см, қалыңдығы 0,2-0,3 см.
Ғылыми зерттеулері
Бұл қола айна жайында алғаш рет 1906 ж. И.А. Кастанье470 хабарлайды. Мәтіндік зерттеуін А.С. Аманжолов471 жасады.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.242.