Тарихи анықтама
Сақ дәуірінікі.
Ескерткіш аталуы
"Есік жазуы"
Табылған жері мен cақтаулы жері
Алматы қаласынан 50 км жердегі Есік өзенінің бойынан 1970 ж археологиялық қазба кезінде көне қорымнан табылған. Бұл қорымнан алтын киімді сақ жауынгері мен оның дулығасы, алтын сапты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс-аяқ және осы жазуы бар күміс тостаған табылды.
ҚР Президеттік мәдениет орталығында сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Күмістен жасалған тостаған.
Тостағанның сырт жағына ойылған 26 таңба екі жолға жазылған.
Ғылыми зерттеулері
Белгілі түріктанушы-ғалым Алтай Аманжоловтың оқығаны
: "Аға, саңа очкуқ! Без чөк! Букун ічре (р?) азуқ і".
Аудармасы: "Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы тізеңді бүк! Халықта азық түлік мол болғай!".
Қазірге дейін тостағандағы мәтін жайында жиырмадан астам тарихи тілдік зерттеу мен ұсыныстар бар.
( ежелге кхароштхи және т.б.)