Тарихи анықтама
VIII-IX ғ
Ескерткіш аталуы
«Уйбат ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Уйбат өзені бойында орнатылған.
Абақан қаласындағы Хақасия мұражайында сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Ақсұр құмдақ тастан жасалынған. Екі қапталында үш-үштен 6 жол мәтін қашалған. Таңба қашалмаған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі – 2,30 м, ені – 0,30-0,60 м, қалыңдығы – 0,16 м.
Ғылыми зерттеулері
1964 ж. А.Н.Липский тапқан. Мәтіндік зерттеулерді В.Я. Бутанаев, А.С.Аманжолов, Д.Д.Васильев, И.В.Кормушин жасаған.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.209.