Ескерткіш аталуы
«Тэхтийн гол ескерткіші», «Тэхтийн голын руни бичес»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы Алтанцөгц сұмынынан оңтүстік батыста 50 км жердегі Тэхтийн гол («текелі өзен») деген жердегі жартаста қашалынған.
Сақтаулы жері: орнында.
Ескерткіштің сипаттамасы
1 жол 11 таңба-әріпті мәтін қашалынған.
Ескерткіш өлшемі
Mәтін ұзындығы 19 см, таңба-әріп өлшемі- 2 см.
Ғылыми зерттеулері
Моңғол Алтайтану институтының «Моңғол Алтай тауының батыс аумағының тарихи-археологиялық ескерткіштері» атты жобасы бойынша 2005-2006 жылдары жүргізген зерттеулер барысында анықталынған. Ц.Баттулга, Ц.Төрбат, Н.Баярхүү, Т.Идэрхангай628 зерттеген.