Ескерткіш аталуы
"Ырық бітік", "Manual of Divination", "Book of Omens", "Irk bitig", "Гадательная книга"
Табылған жері мен cақтаулы жері
Британ кітапханасында (Лондон, Англия) сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Шығыс Түркiстан аймағы ежелгi жазба ескерткiштерiне аса бай өңiр. Бұл бүгiнгi ҚХР-ның Шынжан ұйғыр автономиясы, Тұрпан, Дунхуан, Миран өңiрлерiнде табылған қағазда жазылған қолжазбалар мен құрылыс қабырғаларында өрнектелген көне түрiк бітік жазулары жатады. Бұл ескерткiштер 1902 жылдан берi зерттеліп келеді.
Тұрпан түрік бітік ескерткіштерінің ең үлкенi 62 парақты «Ырық бiтiк» туындысы. Кітаптың басы мен аяғында қытайша Будда дініне арналған өлең жазылған. Қалған 58 бетте түрік бітік қағаз бетіне сиямен жазылған.
Ескерткіш өлшемі
Кітап парағының биіктігі 13.1 см (5 1/2 дюйм), ені 8.1см (3 1/2 дюйм).
Ғылыми зерттеулері
А. Ле Кок450 , М. А. Стейн, В. Томсен451 , Ж. Р. Хамильтон, Л. Базин452 , Х. Н. Орхун453 , С.Е. Малов454 және т. б. ғалымдар зерттеу жүргiздi. 1912 ж Ұлыбритания және Ирландия патшалығы Азия қоғамының журналында жарық көрген (J.R.A.S.).