Тарихи анықтама
VIII-X ғ
Ескерткіш аталуы
«Талас өзені бойындағы ескерткіштері», «Талас руникалық ескерткіштері», «№ 8 ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Талас қаласынан (бұрыңғы Әулие –Ата уезді, Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым шығыс-оңтүстіктегі Айр-Там-Ой (Қырық-Қазық) деген жерден табылған.
Қырғызстан, Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Талас IX, X, XI бітіктасының маңында болған.
Ақшыл сұр түсті құмдақ тастан жасалынған. 5 жол мәтін қашалған.
Ескерткіш өлшемі
90 х 40 х 35 см
Ғылыми зерттеулері
1962 ж. П.Н.Кожемяко тапқан. Одан кейін Қырғыстан ғалымдар Д.Ф.Винник, У.Асаналиев, К.Аширалев, Ч.Жумагулов қайталап зерттеу жүргізді, аталмыш бітіктаспен есептегенде жаңадан 4 дана бітіктасты анықтады. Мәтіндік зерттеулерді И.А.Батманов 372 , Ч.Жумагулов 373 А.С.Аманжолов 374 жасады.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.229-230.