Ескерткіш аталуы
Улуг-Хем – Кара-суг, Е 9 515
Табылған жері мен cақтаулы жері
Усть-Элегест ауылынан 2 км жердегі Элегест өзенінің оң ағысы Қара-Сұғ бұлағының маңындағы Саиқ деген жерден табылған.
Тува музейінде сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Бітіктаста 60 шақты таңбадан тұратын 5 жол мәтін тастың екі қапталына тігінен қашалған.
Қазіргі кезде 1 және 2 жолдар тіпті көрінбей қалған508. Ескерткіштің нашар сақталуы 1963 ж хабарланған (Т-I, с. 24). 1973 ж ескерткішті қаптаған минералды химиялық тазалаудан өткізген соң, бүйіріндегі жұқа бетінің бірінде жартылай өшкен бітік байқалды. Бірақ оларды жаңғырту мүмкін болмады. Ескерткіш кейінірек кездегі тастың бетіне жазушылардың әсерінен қатты бүлінген.
Бітіктас сарғыш сұр құмдақ тастан жасалған. Көлденең қимасы төртбұрыш, беті тегістелген, қырланған.
Ескерткіш өлшемі
Биіктігі – 190 см, ұзындығы – 41 см, ені – 16 см
Ғылыми зерттеулері
1888 ж Мартьяновтың сілтеуі бойынша Аспелин тапқан.
1891 ж Клеменц ескерткішті зерттеп, көшірмесін жасаған. 1892 ж Ошкуров зерттеп, көшірмесін жасап. Эстампажы Радловқа тапсырылған. С.Е.Малов 509 РАтластағы 122 (LXXV, фиг. 4) түзетілген эстампажға теріс баға берді. Онда бітіктің оқуы мен аудармасы өте жорамалды екенін атап көрсетті. Бітіктастың бетінің бұзылуы себепті 1, 2, 4, 5 жолдар, сонымен қатар 3 жолдағы 22-24 таңбалар оқылмайды. Бітіктің тек фрагментін ғана қалпына келтіріп көшіру мүмкін болды. Онда да графикалық нұсқалары бұрынғы жарияланған нұсқаларына сәйкес келмейді. Мәтіндік зерттеуін В.В.Радлов, С.Е.Малов, H.N.Orkun 510, т.б. жасаған.