Ескерткіш аталуы
Чаа-Холь VII, Е 19 515
Табылған жері мен cақтаулы жері
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
Бұл бітіктастың табылған жері Ұлық-Кемнiң сол ағысы бойынша Чаа-Қол сағасынан 8 км жерде.
1897 ж Островких бұл ескерткішті Минусинск музейіне алып келеді.
Минусинск музейінде сақтаулы. ММ инв. №35.
Ескерткіштің сипаттамасы
Бітіктас қара сұр сланец тастан жасалған. Қазір стеланың бір бөлігі мен мәтіннің бөлігі құрыған. Тастың көлденең қимасы төртбұрыш болады. Тастың беті тегістелген. Қырлары анық.
Барлығы үш бетінде бір-бірден қашалған 3 жол мәтін бар. 1-жол ертеректе қашалған өшіңкі бейнелердің үстіне бітіктелген. Осы 1-жолдың астында таңба бар. 3-жолдың мәтіні көрінбейді. Солдан оңға оқылады. Кейбір таңбалар асимметриялы түрде керісінше таңбаланған.
1-жолдың беті атыздалып қашалған. 2-жол шұқып қашалған.
Ескерткіш өлшемі
170 х 25 см
Ғылыми зерттеулері
Сафьяновтың сілтеуімен 1888 ж Аспелин тапқан. 1889 ж Гейкел фотоға түсірген.121 1891 ж Ошурков эстампажын жасап Радловқа тапсырған.122
Мәтіндік зерттеуін С.Е.Малов, H.N.Orkun және басқалар жасаған.