Ескерткіш аталуы
Аржан II, е-102, Удила из кургана «Аржан II»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Уюк өзенi жағалауындағы Аржан ауылының маңындағы жазықтағы Сақ қорғаннан табылған. Көне түрік мәтіні жазылған сүйектен жасалған ауыздық (е-102) пен қаңылтыр белдіктің бөлігі (е-103) табылған.
Д.Васильев бойынша Красноярск экспедициясында табылған мұрағаттармен бірге Эрмитажда сақтаулы. ЛО ИА АН СССР. 515 Бірақ 2009 ж Эрмитажда табылмады. Эрмитаж қызметкері Л.С.Марсодоновтың айтуы бойынша Тува, Қызыл қ. "60 батыр музейінің" көрмесіне қойылған.
Ескерткіштің сипаттамасы
Сүйектің бетіне 5 таңба-әріптен тұратын 1 жол мәтін қырып жазылған. Зерттеулерде солдан оңға қарай оқылған.
Сүйектен жасалған (атқа арналған) тартпаның ауыздығы.
Ескерткіш өлшемі
Ұзындығы 12 см.
Ғылыми зерттеулері
1971ж Комарова тапқан.
Қосымша мәлімет
Васильев Д. Д. Корпус тюркских рунических памятников бассейна Енисея кітабынан алынған.