Табылған жері мен cақтаулы жері
Қазір Бондарев деп аталатын ауылдан 10 км жерде, Абакан өзенінің оң жағалауындағы кішкентай Алтынкөл деп аталатын көлдің маңынан екі ескерткіш табылған (е-28, е-29).
Ескерткіштер жерлеуге арналған қорған тобынан бір-біріне жақын жерде болған.
1881 ж Мартьянов Минусинск музейіне әкелген. Инв. № 28.
Ескерткіштің сипаттамасы
Қара құмдақ құлпы тас. Қимасында төртбұрышты болып келеді. Беті жақсылап тегістелген. Тастың жоғарғы жағы доғалданған. Барлығы 8 жол мәтін тігінен тастың 3 бетіне қашалған. Жолдардың арасы қашалған сызықпен бөлінген.
Ескерткіш өлшемі
Биіктігі - 195 см, ұзындығы - 50 см, ені - 15 см
Ғылыми зерттеулері
1878 ж Корчаков пен Марков деген шаруалар тапқан. Графикалық және мәтіндік зерттеуін Кляшторный жасаған.