Ескерткіш аталуы
Е-36
Табылған жері мен cақтаулы жері
Шелаболинск жазулары ортасында жартаста орналасқан.
Сақтаулы жері белгісіз.
Ескерткіштің сипаттамасы
Жартас сынықтарында 3 жол мәтін қашалынған. Алғашқы екі жолы жазылған тасты 1910 ж. Минусинскке жөнелткен. Осы мәтінмен қатар онда моңғолша, қытайша бояумен жазылған мәтіндер болған. Көне түрік мәтін бұрынырақ қашалған суреттің үстіне жазылған.
Ғылыми зерттеулері
1885 ж. Савенков алғаш тапқан. Мәтіндік тұрғыдан Х.Н. Орхун, С.Е. Малов, В.К. Вяткина зерттеу жүргізген.