Тарихи анықтама
713-742 жылдары.
Ескерткіш аталуы
«M2»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Каптырево ауылынан табылған.
Минусинск музейінде сақтаулы. МКМА № 5617.
Ескерткіштің сипаттамасы
Таң дәуіріндегі «Кай юань Тун-бао» деп аталатын тиын ақшалардың бірі. Мұндай ақшалар түріктерде, соғдылықтарда да кең қолданылған.
Ортасында төртбұрышты тесігі алдыңғы бетінде төрт қытай иероглифі, артқы бетінде 19 таңба-әріпті түрік бітік мәтін қашалған.
Ескерткіш өлшемі
шеңбері – 3,7 см.
Ғылыми зерттеулері
В.В.Радлов 317, Х.Н.Орхун 318, Д.Д.Васильев 319, А.М.Щербак 320, И.Л.Кызласов 321, А.С.Аманжолов322 зерттеу жүргізген.
А.С.Аманжоловтың транскрипциясы:
Baqïr biŋi kičig urïqa
И.Л.Кызласовтың транскрипциясы:
Baqïr bičі b kičig urïq - Бақыр (ақша). Пи чи п: Кіші соғылым.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.213.