Тарихи анықтама
IX-X ғасырлар
Ескерткіш аталуы
«Күміс тостаған жазуы»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Тува республикасындағы көне түрік дәуірінің қорғаны.
Тува Алдан-Маадыр атындағы республикалық мұражайы. ТРКН № 8855/1 407
Ескерткіштің сипаттамасы
көне түрік дәуірінің зат бұйымдары
тостаған күмістен сапты етіліп жасалған. Жалпы салмағы – 118,8 г. Тостағанның мойын тұсында 7 таңба-әріпті көне түрік мәтін қашалған.
Ескерткіш өлшемі
биіктігі – 13 см, түбінің шеңбері – 12 см, ауыз тұсының шеңбері – 8 см.
Ғылыми зерттеулері
Бүгінге дейін зерттеу жүргізілмеген.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.214.