Ескерткіш аталуы
Оттук Даш II, Е-64 515
Табылған жері мен cақтаулы жері
Үш түрік бітік қашалған сұр құмдақтас Улуг-Кем өзенінің сол жағалауындағы Оттук-Даш тауының маңынан Элегест өзенінің сағасынан 30 км төмен жерден табылды.
1915 ж Адрианов Енисей бойымен салға салып Минусинск музейіне әкелген.
Минусинск мұражайында сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
1 жол мәтін кеңінен атыздалып қашалған. Тастың бір бетіне ұзына бойы жазылған.
Сұр құмдақ үстінен қарағанда төртбұрышты тас. Тастың беті қотыр тегістелгенмен қырлары анық.
Ескерткіш өлшемі
85 х 18 х 21 см.
Ғылыми зерттеулері
1915 ж. Адрианов тапқан Е-4 ескерткіштің жанынан тапқан.