TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  30 Жалпақ-Тас IV және VI
Анықтама Мәтін Сурет Сызба Өлшем

30 Жалпақ-Тас IV және VI

VIII-XI ғғ

Ескерткіш аталуы

Ялбак-Таш IV, Ялбак-Таш VI, Калбак-Таш

Табылған жері мен cақтаулы жері

Жалпақ-Тас тауы Чуй өзінінің оң жағалауында, Қатұнға құятын жеріне жақын орналасқан. Мәтін жазылған жартас Чуй трактысының үстінде Новосибирскден 721 км және Ташанты поселкесінен 215 км моңғолмен шекарада орналасқан. Бұл бітіктер Жалпақ-Тас III-тен XIII-ке дейін белгіленген бітіктерімен бірге Жалпақ-Тас, I жазықтық, жоғарғы топ деп аталатын бетке қашалған.

Ескерткіштің сипаттамасы

Бітік жұқалап қашалған. Жақсы сақталған. Бірінші жолы 14 , екіншісі 3 жолдан тұрады.

Мәтінің таңбалары бас жағында биіктігі 2,3-2,4-тен 4,3-4,5 см (орташа 2,7-3 см), ені 1,4-1,6-дан 2 см болып кең қашалған, жарды бөліп түскен жарыққа жақындаған сайын жіңішкеріп кішірейіп кеткен (биіктігі 1,5-тен 2 см дейін). Таңбалардың арасы 0,5-тен 0,8 см дейін.

Ескерткіш өлшемі

Бірінші жолдың ұзындығы 16 см, екіншісі – 4,5 см; Таңбалардың биіктігі 2,3-4,7 см аралығында.

Ғылыми зерттеулері

1980 ж жазбаларды Е.А.Окладникова байқаған. Алған В.М.Наделяев қолжазба түрінде жариялаған. Кызыласов Ялбак-Таш IV және Ялбак-Таш VI деп белгіленген екі мәтін тігінен жазылған бір мәтін деп оқиды517(21-26 б). Бұл жазбаларды В.М.Наделяев екіге бөліп оқыған 516 (с. 77, 78). Екіге бөлідің себебі бастапқы 5 таңба қалған таңбалардан 1,5 см алшақ жатыр. Жартастың жоғарғы жағына қашалған екі жол IV деп нөмірленген, ал төменірек қашалған 5 таңба VI деп нөмірленген.

Наделяевтың аудармасы: Ягыз-Эр! Думай про скарб, оружие, кочевье, скот, драгоценности и жильё!

Кызыласовтың аудармасы: О, бурая земля — о, та, которая должна называться священной моей землёю.

Толық мәтінді деректер
1.Кочеев В.А. Свод древнетюркских рунических памятников Горного Алтая. Горно-Алтайск: АКИН, 2006. – 52 с.
2.Кызыласов И.Л. Новости тюркской рунологии. Выпуск 1. Енисейские надписи на горе Ялбак-таш (Горный Алтай). - М.: 2003, - 112 с.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.